«Ауыл» партиясы жас балуандардың басын қосты

05.12.2016
Қаралды: 1235

Шымкенттегі «Тұмар» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында еркін күрестен жарыс ұйымдастырылды. 

Оны «Ауыл» партиясының облыстық филиалы ұйымдас­тырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай өткен жарысқа 2004 – 2005-жылдары дүниеге келген жасөспірімдер қатысты. Жарысты аталмыш партияның облыстағы филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев ашты.

Қ.Досалиевтің сөзінен кейін біз  спортшылардың бірін әңгімеге тарттық.

«Менің жасым – 7-де, 26 килолық салмақ дәрежесінде күресемін, – деді өзін Ерхан Ерғалиұлы деп таныстыр­ған бүлдіршін. – Мен ес білгелі күресті жақсы көремін. Осындай жарыстар көп болса, тәжірибе жинасақ, үлкен жарыстарда чемпион боламыз ғой. Менің Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов ағаларым секілді Әлем және Олимпиада чемпионы болғым келеді. Ол үшін жарыстарға көп қатысуым керек».

Осыдан кейін белдесулер басталып кетті. Жарыс барысында Санат Төребек (24 кг), Жасұлан Ермекбай (27 кг), Айбек Құрманбай (29 кг), Сұңқар Сейдахмет (32 кг), Бексанат Жақсыбек (35 кг), Жасын Темірхан (38 кг), Шалдар Темірхан (42 кг), Мұхамедәлі Исмаилов (46 кг), Ербол Үркімбаев (50 кг) және Арыстан Қарабек (50 килодан жоғары салмақта) өз қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Оларға Алғыс хаттар, грамоталар мен заттай сыйлықтар табыс етілді.

Р. ШАЛҚАР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ