«Отырардағы» оқиға

05.12.2016
Қаралды: 1574

Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, биыл 90 жасқа қарай қадам басқан қаламгер ағамыз Еркінбек Тұрысовқа 

Шымкенттегі «Отырар» әмбебап кітапханасында ерекше жағдай жасалды. Осы руханият ордасында ол кісінің арнайы бөлмесі ашылып, ол заманауи үлгіде жабдықталып, безендірілді. Осылайша жазушының өз оқырмандарымен тығыз байланыс орнатуына, олармен қоян-қолтық араласуына мүмкіндік туғызылды.

Кешегі аптада аталмыш кітапханада ардагер ағалардың, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жазушы Еркінбек Тұрысов бөлмесінің ашылу салтанаты болды. Оның соңы әдебиет, мәдениет саласы майталмандарының оқырман қауыммен жылы шырайлы кездесуіне ұласты.

Кездесуді танымал жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт жүргізіп отырды.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ