Қайрат Балабиев – облыстық мәслихат хатшысы

28.11.2016
Қаралды: 1293

Таяуда 6-шы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 7-ші сессиясы болып өтті. 

Осы жиында облыс­тық мәслихат хатшысы қызметіне Қайрат Балабиев сайланды.

Қайрат Рахымұлы Балабиев 1965-жылы 20-қарашада туылған. 1990-жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Кезінде Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы прокурорларының орынбасары болған, басқа да салаларда еңбек еткен. Биылғы наурыз айында өткен сайлауда облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған еді.

Ол кісі – тоқыма өнеркәсібі саласындағы «Kazakh Textіle іnternatіonal» серіктестігінің бас директоры. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Отбасылық жағдайын айтар болсақ, Қайрат Балабиев – Әйгерім, Нұрсұлтан, Асан, Зәуре және Қасиет есімді ұл-қыздардың әкесі. Ол кісінің жары Қарлығаш Бекбосынованың мамандығы – дәрігер, ол Шымкенттегі «Бәйтерек» интеллектуалдық мектебін және «Балаби» балабақшасын басқарады.

Қ.Балабиевтің әкесі Рахым Балабиевтің жасы бүгінде 80-де, ол кісі – ақын, бірнеше кітаптардың авторы, «Қаратау тәжі» шығармашылық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Қажылар қауымдастығының мүшесі,  Кентау қаласының Құрметті азаматы. Ол кісінің тағы бір ұлы – Талғат Балабиев бүгінде Кентау қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып отыр.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ