Нұрғали Ешенқұл — филиал төрағасы

28.11.2016
Қаралды: 955

Жақында «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық филиалының төрағасы сайланды. Енді бұл қызметті Нұрғали Ешенқұл атқарады.

Нұрғали Ілгербайұлы Ешенқұл 1962-жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы бойынша бірқатар салаларда істеді, ал 2005-жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мекемелерде басшылық қызметтер атқарып келеді. Бүгінде аталған басқармадағы «№ 1-ші арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін ат­қаруда.

Б. ҚҰРАЛБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ