Кремль дәріханасының құпиясы

22.11.2016
Қаралды: 951

Сталинді емдеу барысында жалғыз кокаин ғана емес, басқа есірткі түрлері қолданылыпты. Бұл жағдай халықтар көсемі Сталин өлгеннен кейін оның дәрі салатын құтыларын ашқанда мәлім болады. 

Бұларда  жәй дәрі-дәрмектер сақталумен бірге, есіріткіге тән дәрілер де сақталып келіпті . Мәселен, опиумның ұнтағы, кодеин, этилморфин сияқты пайдалалануға жатпайтын наркотик заттар шыққан.

Сталин өзін өзі емдеуді қалапты

Халықтар көсемі  негізсіз қорқып, өзін үнемі сақ ұстағаны белгілі. Маңайындағылармен өте сақ араласқанымен  ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір кездері оны қызметтес серіктері у беріп өлтіретінін білмеді. 1920-жылдары партия арасындағы  күрес белең алып, аса қатты қауіп төндіріп тұрған соң, Сталин көппен бірге тамақ ішуді доғарып, қатарынан бірнеше ай бойы тек сенімді адамы арқылы сатылып әкелінген жұмыртқаны жепті.

Уақыт өткен сайын социализмді құру жолында күрес, мемлекет басшысының тезистерінде өзі айтқандай  күрделене түсті. Соған қарап аспириннің орнына  цианид уын жұтып қою қаупі арылмаған еді. Сол бастан Сталин  дәрігердің айтқандарына құлақ аса бермей, оның айтқандарын алдымен жазып алып, өзінің дәрі қобдайшасында болсада сол дәріні сенімді күзетшісі,мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің сержанты Валентина Истоминаны арнайы жіберіп, алдырыпты.

Сталиннің  қауіптенетіндей орны бар. Оның партиялас әріптестері дәрігерлер Қуйбышевты «улап»,  Менжинскийді «жансыздандырып», Щербаков пен Горькийдің «түптеріне жеткені», Фрунзені тікелей ота үстінде анетизияны көп жұмсап өлтіргені туралы айтып,үнемі сескендіретін. Оның үстіне,  Лидия Тимащуктің дәрігерлер қолынан Ждановтың өлгені туралы хаты үрей үстіне үрей тудырып, Сталиннің дәрігерлерге деген көзқарасын екі ұдай еткені рас болатын.

Дәрінің орнына лимон пайдаланған

Сталин қуғын-сүргінді көп көріп, денсаулығына айтарлықтай зиян келген адам. Сондықтан өмірінің соңында аритмий, гастрит, қан қысымы, ревматизм,полиартрит сияқты күрделі аурулармен ауыратынына қарамастан өзінің емдеу әдісіне салып, дәрігерлердің көмегіне онша жүгіне бермепті. Егер тамағы ауыра қалған жағдайда  лимон жеген. Лимон плантациясы кеңестер елінде жоқ болған соң, Түркиядан жеткізіліпті.

Түркиядан уақтысында жеткіуге мүмкіндік болмай бірде Сталин үстеліне қойылған жеміс-жидектер арасында лимон болмапты. Сонда қызмет ететіндер «енді Сібірге айдалатын болдық» деп қорқып, саяжай қасынан жылы жай соғылып, лимон отырғызылыпты.

Кейбір тарихшылардың пікірлеріне қарағанда дәрігерлер Сталиннің өмірінің соңында наркотик қабылдауға отыр­ғызған сияқты. Құпиясы ашылған кейбір құжаттарға қарағанда Сталиннің жеке дәрігері Владимир Виноградовтың   суық тиіп, мұрны біткенге  әр танауына  2 сағат сайын 5 кокаин тамшысын тамдыру туралы  ем белгілепті.

Сонымен бірге, Сталиннің дәрі қобдыйшасынан жәй дәрілермен қатар эметин(алколоид), дионин(этилморфиннің гидрохлориді)-кодеинді алмастырушы, опий, кокаин, эфедрин (психобелсенді улы алколоид), кодейннің көптеген түйіршіктері мен тағы басқа түйіршек, ұнтақ және сұйық  түрінде  наркотикалық заттар шығыпты.

 Радикулитін орыс пешімен емдепті

Суық тигенде Сталин лимоннан басқа,  спирттік ішімдік ішумен емделіпті. Солардың ішінде ол кахетиннің телиани шарабын жоғары бағалапты. Сталин тәтті шампан мен грузиннің қышқылтым шараптарын бірінен соң бірін талғамай ішіпті. Аяғына  пима киіп, тұлыпқа оранып, ауырғанына қарамастан аяқтарына кезек-кезек салмақ салып, олай-былай жүрген. Жалпы, емделу кезінде де, демалғанда да, тіпті жұмыс барысында да жүру оның қанына сіңіп кеткен әдеті болатын.

Ем қабылдау тұсында генералиссимус  таңқурай тосабын қосып, шай ішуді қатты ұнатыпты. Жай электр шәйнекке шайды өзі демдеген. Суық тигенде оның ревматизмі қозатын болған соң, ол үнемі орыс моншасына түсіп, денесін қыздырыпты. Дегенмен  қан тамырлары ауруларынан қорқып, жоғары ыстыққа түспеген. Ол өзіне арнайы пеш үстіне соғылған орынға көтеріліп, қыздырыныпты. Екі саяжайында да  орыс пеш болыпты.

Сталин іш құрылысына емдік қасиеті бар минералдық суларды  ұнатқан. Егер гастриті қатты ауырған жағдайда өзінің жеке көмекшісі, мамандығы фельдшер Поскребышевты жіберіп,  дәріханалардан керекті дәрілерін алдырыпты.

Көсем полиартрит ауруын Мацестің күкіртсутекті ваннасымен емделген. Өмірінің соңғы сәттерінде ғана оның тамырына ең қажетті деген  дәрілер орнымен  жіберілген. Құлағының сыртына сүлік қойылыпты. Тамырына 20 пайыздық лимондық шырын мен аскорбин қышқылы қосылған глюкоза енгізілген. Бірақ, мұның бәрі сеп болмапты. Қалай сеп болсын, өзіне сенген дәрігерді түрмеге отырғызбағанда ол ажалға арашашы бола алар ма еді? Осындай себептердің салдарынан Сталин бірнеше ай бойы мамандардың бақылауынсыз қалып, ауру асқынып кеткен деуге болады.

Егер Сталин адамдарға, қала берді өзін емдеп жүрген арнаулы мамандарға сенім артса, мұндай қайғылы жағдай орын алмас еді...

Қ.ЖИЕМБЕТТЕГІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ