Қызғаншақ болмаңыз, еркектерге жақпай қалуыңыз мүмкін

22.11.2016
Қаралды: 877

Қай қыздың болса да өмірлік жұбын дұрыс таңдағысы келеді. Өзі ұнатқан жанның көзіне түскісі келеді. Осы орайда тәжірибесі мол бір әйел мынадай кеңестерімен бөлісіп отыр:

 Еркектің мінез-құлқына мән беріңіз. Әсіресе бұл өзін тым жоғары санайтын әйелдерге, қыздарға байланысты. Мұндайлар қарым-қатынас кезінде «артықшылықтарының» «астын сызып» тұрып көрсету әдетіне абайлауы керек. Еркекті тым менмен, бірбеткей, барлық нәрсені өз қадағалауында ұстауға құмар әйелдерден сақтанады. Әйел қолынан келгенінше мейірімді, ұстамды болуы керек.

 Алғашында тым бастамашыл болмаңыз, мұны еркектің ырқына беріңіз. Бұл оларға ұнайды. Мұны алғашқы кездесуден-ақ аңғаруға болады. Оған біршама еркіндік беріңіз, өзін көрсетсін, қажет болса, өзіңізді сәл төмендеу ұстаңыз. Тым сөзшең, күлегеш немесе ұнатпаған нәрсесін ұмыта алмайтын қазымыр әйелден еркек қашады.

► Ұқыпты, жинақы болыңыз. Егер еркекті ұнатсаңыз, оған ненің жағып, ненің жақпайтынына мән беріңіз, өзіңізді соған қарай ұстаңыз. Мысалы, оған ұнайтын киім киіңіз, шаш үлгісін жасатыңыз, өзге еркектің көңілін аударғыңыз келіп тұратын әдетіңіз болса, одан қол үзіңіз.

 Еркекпен өзіңізді дұрыс ұстаңыз, аңғарымпаз болыңыз, оның ерекшеліктері есіңізде жүрсін. Мұны сіз өз пайдаңызға асыра аласыз. Оның неге қызығатынын да біліңіз, қиындық тудырмаса, сіз де оны меңгеріңіз. Еркекке көрікті ғана емес, жан-жақты дамыған, жаңалыққа құмар әйелдер көбірек ұнайтыны есіңізде болсын.

 Әйелді жағымсыз етіп көрсететін барлық жаман мінезден арылыңыз. Әсіресе «бырқылдақ», қызғаншақ болмаңыз. Ер-азаматтың бойынан тек кемшілік қана көретін тым сыншыл, талапшыл болмаңыз, оның бойындағы жоқ емес жақсы қасиеттерді де аңғара білу керек. Қарым-қатынастарыңызды сыйлаңыз, сонда ол сізді сүйеді, сіздің жаныңызда өзін жайлы сезінеді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ