Жақсылар «жақсымын» деп айта алмайды

22.11.2016
Қаралды: 2634

Әмзе Қалмырзаұлы (Хамза Көктәнді) – Мақтаарал, Сарыағаш ауданда­р­ының Құрметті азаматы. 

Қазақстан Жазушылар және әлемдік Мон­ғолтанушылар ассоциациясының мүшесі.  Филология факультетін бітірген соң аудандық, облыстық, республикалық газет редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Халықаралық жас ақын-жазушылардың тәуелсіз «Игілік» ассоциациясының президенті, «Ақтол­ғай», «Наурыз», «Роман-газет» мерзімді басылымдарында, «Ән-қазына» альманах-журналында бас редактор болды. Қазір «Қасиет» баспасының директоры.

Әмзе Қалмырзаұлының кітаптары  Хамза Көктәнді, Кеніш Хикмет, Кенен Кеніш, Кемел Кеніш, Манас Мұңтегін атты бүркеншік есімдермен жарыққа шыққан. Шығармалары ағылшын, орыс, түрік, монғол, өзбек, қыр­ғыз, түркімен, тәжік тілдеріне аударылған.

Бүгінде Пайғамбар жасы – 63-ке толып отырған арқалы ақынға «Замана» газетінің оқырмандары атынан шығармашылық шабыт, ұзақ та бақытты өмір тілей отырып, қаламгердің бір топ өлеңдерін жария­лауды жөн көрдік.

Арыз

Жамандар «жақсымын»деп айқайлайды,

Жақсылар «жақсымын» деп айт алмайды.

Тасына табаныңыз тигеннен соң,

Таулардың қасиеті байқалмайды.

 

Жамандар «жақсымын» деп айқайлайды,

Жақсылар «жақсымын» деп айта алмайды.

Қасында күнде көріп жүргеннен соң,

Шыңдардың ұлылығы байқалмайды.

 

Жамандар «жақсымын» деп йқайлайды,

Жақсылар «жақсымын» деп айта алмайды.

Көрінбей көп ішінде жүргеннен соң,

Тұлпардың жүйріктігі байқалмайды.

 

Аққуды кездеседі сабалаған,

Тереңді лайлайды табалаған.

Асыл бар сәуле шашып тұрған көпке,

Әрнені дер кезінде бағалаған.

 

Жас сәби жетіледі сылауменен,

Дана жан есейеді жылауменен.

Қақ жарып қара тасты соқпақ салған,

Жетеді арманына құлауменен.

 

Тілдемек дарындыны дарымаған,

Күндемек бар адамды жарымаған:

Жөн сөзге тоқтағанның бәрі  жақсы,

Жақсыны таптағанның бәрі жаман!

 

Тілдейді дарындыны дарымаған,

Күндейді бай адамды жарымаған:

Мені жақсы дегеннің бәрі жақсы,

Мені жаман дегеннің бәрі жаман!

 

Жібекті түте алмаған жүн етеді,

Жаратушы сүйгенін сын етеді:

Жақсы мен жаман туған арасында,

Дананың жылауменен күні өтеді.

 

Қиялым – құрдым қуған құмай тазы,

Тәртібі тіршіліктің мұңайтады.

Өзінің не дегенін өзі ұқпайтын

Адамдар алдымды орап сын айтады.

 

Келместен кеудемдегі ғалам күткен,

Шатасып сансырайды санам тіптен:

Надан боп кеткендей ме, адам біткен,

Адам боп көрінеді надан біткен!

 

Жаманнан жақсы туса – мұң болады,

Жақсыдан жаман туса – жын болады.

От пен суға салуда мені өмір,

Ақыл-ойдың алмасын шыңдағалы.

 

Өртесе өкінішпен жарық ғалам,

Арманы ақындардың шарықтаған.

...Құдірет құндақтаған қазына едім,

Тапталып қалтарыста қалып барам!

 

Қайрау

Қуғаннан соң армандардың жарқылын,

Қорғасындай бір қатып,

бір балқыдым.

Халық деген қиқымы бар қазына,

Күндегендер не демейді, жарқыным.

 

Бір қазанға сия алмастан дауласқан,

Бір-біріне не демейді жауласқан.

Әділдік пен зұлымдықтың айқасы

Келе жатыр әлімсақтан, әу бастан.

 

Жеңілу де дегендейін шарт шығар,

Әлі талай кәрі шыдам шарт сынар.

Жер бетінде жайып тұрса тамыры,

Атаққұмар, мансапқұмар, даңққұмар.

 

Айтқанымды ұқпа мейлі, ұқ мейлі,

Дүниенің айқай-шуы бітпейді.

Анасынан туған ұлға Нар болып,

Тағдыры да нардың жүгін жүктейді.

 

Тағдыр тұман,

Уатылып тас-шыдам,

Қаның ағып барғаныңда шапшыған,

Бауырым деп сенетінің сүйемей,

Қолдайды екен бір бейтаныс,

жақсы жан.

 

Солай, солай күрделі бұл әлемде,

Күнің де бар зар болатын сәлемге.

Күншілдердің қабырғасын қаусатып,

Күшті болсаң өзіңді-өзің дәлелде,

Ақиқаттың жеңетінін дәлелде!

 

Түнде ұйқы көрмедім

Ой мүжіген жүдеу көңіл-күйіммен,

Мүшел жасқа сәлем берем биыл мен.

Бұл жылдарда арман атты асықты,

«Алшы тұр!» деп қаншама рет иіргем.

 

Алшы тұрмай қойды бірақ  асығым,

Жанды өртеді «Неге?» деген қас ұғым.

Аласұрдым – болар деген сеніммен,

Иінімде менің де өлең – ғасырым!

 

Күндіз күліп, түнде ұйқы көрмедім,

Кептіре алмай өлеңімнің жөргегін.

Алдап-арбап қызыл-жасыл көп қызық,

Абайдайын қолымды кеш сермедім.

 

Біреулермен жағаласып, кектесіп,

Алпыс жасым тойланбастан кетті өтіп!

Жар жағалап жүгіргенім анық-ты,

Жапа-жалғыз жалаңаяқ от кешіп.

 

Алғау-далғау алды-арты қам еркелік,

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ