Автобустар «Қазығұртқа» кешке қарай неге жүрмей қалады?

21.11.2016
Қаралды: 1241

Бүгінде халықтың күнкөрісі қиындап кетті. Әсіресе зейнеткерлер мен мүгедектерге қиын болып тұр. 

Басшылар биылғы мамыр айында халықпен санаспай, жолкірені 50 пайызға көтерді.

Облыс және қала әкімдерінің қиналып жүрген зейнеткерлер мен мүгедектерге қандай көмегі мен жәрдемі бар? Менің соны білгім келеді. Ол кісілер зейнеткерлер мен мүгедектерге қоғамдық көліктерде 50 пайыз жеңілдікпен жүретін жағдай жасаса екен дейміз.

Сондай-ақ басшылар қоғамдық көліктердің жүру тәртібіне де назар аударғаны дұрыс. Осы мәселеде ренжіп жүрген тұрғындар өте көп.

Мысалы, біз 12-қараша күні үйге келген қонақтарымызды «Қазығұрт» шағынауданынан қалаға шығарып салуға №34 бағыттағы автобусты күттік. Қасымыздан өткен №478, 454, 308, 34 автобустар кешкі сағат 19.00-ден кейін кері қарай жүрмей қойды. Біз сағат 20.00-ге дейін оларды күттік. Болмаған соң қонақтарды таксиге отырғызып жібердім.

Бұл біз жақта жиі қайталанатын жағдай. Сонда автобустар кешке қарай «Қазығұрт» шағынауданына неге кірмейді? Осыған басшылар газет арқылы жауап берсе дейміз. Сол күні аталған төрт атвобус та бұзылып қалмаған шығар. Жүргізушілері мен басшылары қандай сылтау айтар екен?

Жетес НИЯЗЫМБЕТОВ.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ