Ол алдымен адамдардың аурасын тазартады

21.11.2016
Қаралды: 1954

Шымкентте Аида Бақытқызы есімді емші  (суретте) тұрады. Бүгінде ол кісіні буын ауруларын жақсы емдейді деп мақтап жүргендер көп, 

ол жайлы жазуымызды сұрап жатқандар бар. Осыған орай біз Аида Бақытқызын сұхбатқа  шақырдық. Одан қандай ауруларға шипа дарытатыны туралы, емдік тәсілдері жайлы сұрадық.

– Аида, сізді буын ауруларына ем қондырады деп естідік.

– Буын ауруларының өзі ревматизм, артрит, артроз, ос­теопороз болып, тағы бір­не­ше түрге бөлінеді. Бұл кесел соңғы кездері жасы қырыққа таяған азаматтарда да жиі кездесіп жүр. Омыртқа жарығымен тіпті отыздың орта беліндегі жастар да жиі ауы­ратын болған. Бірақ, бір жаманы, көп адам ауру асқынып, өршіген кезде, бірі таяқ­қа сүйеніп, екіншісін туысы демеп келеді. Мұндай аурулармен өзге облыстардан да келеді. Оларға емі менен болса, екінші-үшінші күні әсерін се­­зінуі тиіс екенін айтамын. Әйткенмен көпшілігі ал­ғаш­­қы ем сеансында-ақ өзін жақсы сезінгенін айтып жатады.

– Құпия болмаса, емдеу тәсіліңізді айтыңызшы.

– Алақанымда ауырған жер­ге дәл бағытталатын жы­лу бар. Өткен аптада жасы алпыстан асқан бір апай келген. Екі қолының да сау­сақтары қисайып, буындары ісіп, икемге келмей қалыпты. Ау­ру аяқтарына да өткен. Бірақ маған қолының ауыратынын ғана айтып келді. Ала­қан­да­рын жайып алдымда отырған оған жоғарыдан жы­лу жі­беріп едім: «Қақсаған же­рімді қыздырып барады, сондай бір рахат күй кешіп отырмын», – дейді. Яғни мен биоток ар­­қылы емдеймін. Алдымен адамның аурасының қор­ға­ныш дең­гейін анықтап, қай жері ауыратынына, оның түпкі­лікті себебіне көз жет­кіземін. Тұйықталған нүктені дәл та­бу – емнің нәти­желі болуының кепілі.

Сонда ауру себебін алақан жылуымен сезесіз бе?

– Оның түрлі тәсілі бар. Адамның көзіне қарау ар­қылы жан-дүниесіндегі күйзелісті, рухани әлемін танимын. Жүй­ке дертін де осылай анықтауға болады. Науқас адаммен бетпе-бет отыр­ған­да энер­гетикалық байланысқа түсіп, бүкіл ағзасының жа­йынан ақпарат аламын. Ол ма­ған түйсік ар­қылы бері­леді. Қалай және қанша күн емдеу керектігі де осы кезде белгілі болады. Алақанымды маңдайына, кеудесіне қою арқылы да көп жайға қанығамын. Тамыр ұстаймын.

Қандай жағдайда да алдымен адамның аурасын тазалап, жан-дүниесін, санасын өзіне деген сенімсіздіктен, жан күй­зелісінен арылтып аламын. Бұл үшін дұғаларды қолданамын. Сосын жылу жіберу арқылы ауру ошағын емдеп, қажет еткендер­ге емдік шөп­терден тұнба бе­ре­мін. Дегенмен көп жағдай­да Аллаға жалбарыну ар­қылы дұ­ғаларды қолданамын.

– Дұғалар күшімен тағы қандай ауруларға шипа дарытасыз?

– Маскүнемдікке салын­ған туысына көмек беруімді сұ­рап келетіндер бар. Қай-қайсысы да түрлі дәрі ішіп, код жасатып, ешбірінен ем болмаған соң үміті сөніп, күдер үзген адамдар. Туберку­лездің жабық түрін емдеуге де күшім жетеді. Бірақ бұл екеуінде ем 14 күннен 41 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде алдымен 5 литрлік суға дем салып беремін. Оны науқас адам ішу арқылы ағзасы тазаланады. Бұл арада мен оның санасын тәуелділіктен арылтуға күш саламын. Жылу жіберу арқылы иммунитетін күшей­темін. Былайша айт­қанда, Алланың қолдауымен, тылсымның күшімен дұға ету, бас­қа да амалдар арқылы то­лық нәтижеге қол жет­кіземін.

– Сонда өкпе құртын алақан жылуы мен дұға арқылы жоюға бола ма?

– Сіз сияқты сеніңкіремей, күдікпен қарайтын адам көп. Сондықтан оларға соңғы түс­кен рентген нәтижесін әкелуді тапсырамын. Емдік курс біткен соң оны кейінгі­сімен салыстырамыз. Сөзден гөрі осылай іспен дәлелдеген жақсы емес пе? Соңғы рет 29 жастағы қыз келген. Екі жылдан бері ауы­рады екен. Аптасына бір-екі рет ем алып жүрді. Осылай екі айдан аса уақыт емделді. Оның нәтижесін көр­ген дә­­рігер құпиясын сұрапты. Қазір ол дәрігердің өзі бүйрегі мен жатырдың қабынуына қарсы менен ем алып жүр.

Сондай-ақ жас балалардағы кекештік, тұтықпа, кеш сөйлеу, құлақтың ауырлығы, тіл-көз, ересектердегі қан қысымы, жүректің қа­лып­сыздығы сияқты дерттерден емдеймін, өтінде тас бар адам­дар, асқазаны ауыратындар келеді, ырым, дуа, жолы байлану, от­басылық мәселелер, ауыз­бір­шіліктің жоқтығы, жал­ғыз­дықтан жапа шегу сияқты қалыпсыздықтардан қиындық көріп жүр­ген жандар да алдыма жиі келеді. Әсіресе жолы байлану салдарынан та­мырлары түйінде­ліп, се­бепсіз мазасы қашқан, сөйтіп жүйкесі жұқарғаннан отбасында келіспеушіліктер, ұрыс-керісі көбейген адамдар көп.

Ем­де­лушілерге бір ғана талап қоя­мын. Яғни 100 пайыз нәтижеге қол жет­кізбейінше емді үзуге болмайды. Сондай-ақ жылдар бойы жинақталған аурудан апта ішінде айығу мүмкін емес екенін түсіндіремін. Жағдайдың күрделілігіне қа­рай ем 41 күнге дейін созылуы мүмкін. Олар менің айтқандарымды бұлжытпай орын­­дауы тиіс. Осы талапқа көнген адамдар жоғары нәтижеге қол жет­кізеді.

– Жап-жассыз. Адам тағ­дырына қатысты жауап­кер­шілігі жоғары міндетті арқалап отырсыз. Мұны қа­шан, қалай үйреніп, мең­гердіңіз?

– Әжем өзі білетін дұға, ем түрін маған 14 жасымнан бас­тап жаттатқызып, жа­нынан тастамай үйретті. Қолы қалт еткенде қай ау­ру­ды қандай дұға оқып, қай­сы шөп­пен емдеуге болатынын тәп­тіштеп айтып, қа­лың дәп­терге жазғызатын. Сөйтсем балалықпен ұмытып кетпе­сін деп маған қал­дырып кеткен мұрасы екен ғой, оны енді түсініп жүрмін. Әжемнің иісі шығып тұратын сол екі қалың дәптер бүгінде ме­нің басты бағдаршамым. Асыл әжем көзі кеткен соң қасиетінің маған қонатынын білген екен ғой. Қазір де түсіме кіріп, аян бе­ріп, қолдап, қорғап, демеу болып жүреді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан – А. МҰХАММЕД.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ