170 адам қайыршылық жасағаны үшін кінәлі деп табылды

15.11.2016
Қаралды: 1055

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіндегі жергілікті полиция қызметінің өкілдері  қоғамдық орындарда әркімге қол жайып жүргендермен және қайыршылармен күресті тұрақты түрде жандандырып келеді.

Осы жылдың өткен он айында әкімшілік жауапқа тартылған 594 адамның 170-і көшеде қайыршылық жасағаны үшін кінәлі деп табылған. Жыл басынан бері кім екенін анықтау үшін 4500-дей азамат Шымкент қаласындағы арнайы қабылдау орнына әкелінген. Содан 728 адам жасаған әртүрлі құқық бұзушылық әрекеті үшін соттың шешімімен қамауға алынды. Осылардың арасында 644-і – жақын және алыс шетел азаматтары.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ