«Әмина бибі» мешіті ашылды

14.11.2016
Қаралды: 1418

Оңтүстік Қазақстан облысының  Мақтаарал ауданындағы   Жамбыл ауыл округіне қарасты  Ерман ауылында «Әмина бибі»  мешітінің ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты жиын Мақтаарал аудандық «Нұғман» мешітінің имамы Бекзат Сыздықовтың Құран-Кәрім оқуымен басталды. Алғашқы сөз алған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл-имамы Ахметжан қажы Керімбек барша жиылғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді. Сонымен қатар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы құттықтау Алғыс хатын табыс етті. Осыдан кейін Мақтаарал ауданының әкімі  Ғалым Исмаилов сөз алып, жамағатты мешіттің ашылуымен құттықтады.

Аталмыш мешіт белгілі дінтанушы, облыс имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтің бастамасымен салынып, ел игілігіне берілді.

Жаңа құлшылық үйінің атауы күллі мұсылмандардың анасы  Әмина (р.а)  анамыздың  құрметіне  «Әмина бибі»  делінген. Жалпы, құлшылық үйінде бір мезетте 120 адам намаз оқи алады. Мешіттің жылыту жүйесі жапондық үлгіде жасалған, едені арқылы жылытылады. Мешіттің арнайы көлік тұрағы бар. Дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында қазақи оюлармен безендірілген. Мешіттің мемлекеттік жер актісі мен өзге де құжаттары ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. Жалпы, мешіт құрылысына жұмсалған құрылыс материалдары отандық өнімдер екен айтып өту керек.

 Аталмыш шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл-имамы Ахметжан қажы Керімбек бастаған ел азаматтары  «Жасыл ел» шарасы аясында мешіт ауласына ағаш отырғызды. Сондай-ақ «Дін мен дәстүр жылы» аясында ұлттық ойын түрлерінен арқан тарту, кір тасын көтеру сынды жарыстар ұйымдастырылды.  Жеңімпаздарға өкілдік тарапынан арнайы диплом және сый-сияпаттар табыс етілді. Ашылу рәсімінен кейін көпшілікке мерекелік арнайы ас берілді.

Қазір елімізде 2500-ге жуық имандылық үйі бар болса, бұл жаңа нысан осы өңірдегі 800-ші мешіт болып ашылып отыр.

Мешіт құтты болсын, жамағат!

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ