Емші Өсерқұл қажының мұрагері сырқаттарды қабылдайды

14.11.2016
Қаралды: 2577

Бұрын Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында тұрған Өсерқұл қажы Ырыс­құловқа кезінде еліміздің шалғай облыстарынан ғана емес, көрші Өзбекстан мен Қырғыз елінен де сырқаттар келіп емде­летін еді. 

Ол кісінің осыдан бірер жыл бұрын дүниеден өткені белгілі. Одан кейін көпшілік емделу үшін ол кісінің үлкен ұлы Пазыл қажы Ырысқұловқа (суретте) баратын болды.

Пазыл Ырысқұлов бүгінде Қазақстан Республикасының халық және рухани емшілер мекемесі облыстық филиалының директоры. Сонымен бірге Құртқа тәуіп атындағы дәстүрлі шығыс халық медицинасы дәрігерлері «Қоғамдық академиясының» толық мүшесі, академик. Кешегі аптада біз редакцияға келген академик Пазыл қажы Өсерқұлұлынан әкеден қалған емдік жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын сұрадық.

«Әкем мені талай емшілермен араластырып, тәжірибе алмастыратын, – дейді ол кісі. – Шөптен қалай дәрі дайындаудың жолдарын, қандай сырқатқа қай дәрінің ем болатынын үйретті. Соның арқасында Қырғызстан мен Ресейге барып адам емдедім. Кейін әкемнің жасы ұлғайғанда өзі айтып отырып, дәрілерді маған жасататын болды. Кейін өзім де шөптен дәрі жасау­дың құпиясын меңгеріп, сыр­қаттанып келгендерді емдей бастадым.

Негізі мен емге тек қана Мәдина қаласында өсетін сыдыр шөбі мен Түркімен­станнан әкелінген мумияны пайдаланамын. Сыдырдың сиқыр мен жынды қайтаратын қасиеті бар. Оны демдеп ішуге де, суға араластырып шомылуға да, үйдің ішіне сеуіп қоюға да болады. Ал мумияның мыңға жуық түрі болғанымен Түркіменстанның мумиясына жететіні жоқ. Мен мумияны Түркімен­станның Аршман тауынан барып аламын.

Адамдардың біліп жүруі үшін айтар болсам, таза мумия қап-қара түсті, жылтыр болады. Таза емесі қоңырлау, салмағы да жеңіл келеді. Мен таза екеніне көз жеткізу үшін сол жерде қозыны сойғызамын. Оның бауырын кесіп жіберіп, мумиямен сипап өтсең, әлгі кесілген жер 15-30 минуттың ішінде қайта жабысып қалады. Тіпті кесілген орны да байқалмайды.

Мумияның бес грамын күніне екі реттен он күн ішуге кеңес беремін. Бағасы да қымбат емес, 2 мың теңге ғана. Таза мумияны бұдан артық іше де алмайсың. Еске салатын тағы бір нәрсе, таза мумияны әлсіз адам көтере алмауы мүмкін. Кейде маған біреулер келіп бұрын ондай емес еді дегенді айтады. Әрине, оған дейін таза емесін пайдаланып жүрген болса, күшті мумияға организм үйренбеуі мүмкін ғой. Ал таза мумия кез келген дәрімен де үйлесе береді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын өзбекстандық бір емшімен бірігіп шөптен жасалған жаңа дәрі ойлап таптық. Оған өзіміз «Жәннат бұлағы» деген атау да беріп қойдық. Кітаптан бір емдік шөпті таптық. Интернет арқылы оның Америкада өсетінін біліп, шөпті сол жақтан алдыртуға тура келді. Мұның өзіндік дайындау құпиясы бар. Дәріміз сынақтан жақсы өтті.

Осыдан бір жылдай бұрын тұрғын үйге қатысты даудан көмек сұрап келген Манкент ауылында тұратын бір танысыма көмектестім. Мәселесі оң шешімін тап­қан соң онымен бұрынғыдан жақын араласып, барыс-келісіміз көбейді. Жасы жетпіске келіп қалған сол кісіге әлгі дәріні бердім. Өзінің алғаш рет ішіп тұрғанын да ескерттім. Кейін ол кісі сырқатынан айығып, жасы келгеніне қарамастан үйленіп кетті. Бір күні дәрінің өзіне көп көмегі тигенін айтып мынаған да берші деп банк­те істейтін танысын ертіп келіп тұр. Осылай «Жәннат бұлағына» сұраныс арта түсті. Америкадан алдырылған шөп пен мумияны бірге ішудің арқасында ісік, зоб, қант диабеті, асқазан, талма ауруларынан, тағы басқа көптеген аурулардан айығуға болады. Әсіресе сынған сүйектің тез бітуіне қосар үлесі орасан.

Әкем марқұмның әлі зерт­телмеген еңбектері үйде тұр. Соларға қарап отырып кез келген сырқатты емдейтін дәрі жасауға мүмкіндік бар. Біз дайындаған «Жәннат бұлағы» – әкемнің сол аяқтай алмай кеткен көп жұмыстарының біреуі ғана.

Жалпы, мен Қытай, Ресей, Түркия елдеріндегі түрлі семинар-кеңестерге қатысып тұратындықтан, маған сол жақтардан келіп ем қабылдаушылар да бар. Соңғы кездері алыс қалалардан «Уатсап» арқылы байланысып, курьерлер арқылы дәрі алдырушылар да көбеюде».

Емші Пазыл Ырысқұлов осылай дейді. Бұдан кейін біз оның емінен шипа көріп, сырқатынан айыққан бірнеше адаммен хабарластық.

Ырысәлі Розметов, Манкент ауылы: – Мен қант диабетіне шалдыққан едім. Ұлым псориазбен ауырды. Өсерқұл қажының ұлы Пазылға емделдік. Біз дерттен айығып кеттік. 

Анарбай Оразбеков, Мақтаарал ауданы: – Жатқан кезде менің бүйрегім мен омыртқам қатты ашып ауыратын. Үйленген соң балалы бола алмай жүріп қалдық. Көп қаражатпен жеке клиникаға да емделгеннен пайда болмады. Тіпті маған балалы бола алмайсың деген дәрігерлер де болды. Сәтін салып, Пазыл емшімен жолықтым. Сол кісінің берген дәрісінің арқасында бүгінде екі перзентті болдым.

Жұмагүл Бабашева, Жетісай қаласы: – Менің асқазаным ауыратын. Содан Қарабұлақ ауылындағы  Пазыл қажыны іздеп бардым. Ол кісі мені мұқият тыңдап, шөп дәрі берді. Соны ішіп жүріп дертімнен айығып кеттім. Ол кісіге мың алғыс!

Өктем Омаров, Түр­кістан қаласы: – Менің анам қатерлі ісіктен қиналған соң үш-төрт рет химия­лық терапия алған еді. Сондықтан дәріні көтере алмай қалды. Бұдан кейін оны Қарабұлақтағы Пазыл емшіге апардым. Берген мумиясы өте пайдалы болды, анам айығып кетті.

Анарбай Ақтауов, Қы­зыл­­орда қаласы: – Балық аулап жүргенде қатты суықтаған екенмін. Дәрігерлер прос­татит дегенде мән бермеген едім. Кейін  көп емделуге тура келді. Ақыры Шымкенттегі Пазыл емшіні іздеп бардым. Соның шөптен дайындап берген дәрілерінің арқасында өмірге қайта келгендей болдым.

...Қысқасы, емші Өсерқұл қажының мұрагері Пазыл бүгінде әкесінің шаңырағында әкеден қалған жұмысты жалғастырып, сырқаттарды қабылдауды жүргізіп жатыр. Ол кісінің көмегіне жүгіну немесе жүгінбеу әркімнің өз ықтиярындағы іс. Пазыл Өсерқұлұлына емделемін деушілер болса, «Уатсап» арқылы 8-775-583-93-08 телефонына хабарласа алады. Емшінің қабылдауына жазылу үшін 8-701-459-18-05 телефоны арқылы келіні Гүлстанмен байланысу керек.

Р. ШАЛҚАР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ