Қара түсті тұмардан айықпас ауру тауыпты

07.11.2016
Қаралды: 1420

«Ол бізге жиен бала болады. Мектепті жақсы оқып, Алматыға грантқа оқуға түскен. ҰБТ тапсырардың алдында достарымен Түркістанға зиярат етіп барған екен. 

Сол жерде сырты қара былғарымен қапталған тұмар сатып алыпты. Оны мойнынан тастамай тағып жүрген. Көп ұзамай өз-өзінен мазасызданып, әлсіреп, азып, көздері кіртиіп, жағы суалып, азып кетті. Диагнозы да анықталмай қойды ғой. Әкесі бар пәле тұмардан келді деп, оны отқа тастаса жанбапты. Ашып қараса, ішінде адамның қара сұлбасы бар екен. Адамдарға сенім жоқ, өздерінің ауруын тұмарға аударып, сатып жіберген ғой. Бала бәрібір оңалмады, оқуға кеткенде сол жақта асылып қалыпты. Киелі орындарға зиярат ете барғанда естелік болсын, әрі ішінде құран сөзі жазылған деп тұмарды көпшілігіміз сатып аламыз. Тұмармен қоса ауру арқалайтынымызды қайдан білейін?» – дейді бізге қоңырау шалған оқырман.

Ауруды тұмарға, басқа да заттарға көшіруге бола ма? Мұндай қатерден қалай сақтану керек? Бұл жайында «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа, 22-ші нөмірінен оқи аласыздар. Газетте сондай-ақ теріскенді тез кетіретін тәсілдер, тіл-көзден сақтанудың тиімді жолдары, бедеулікті құрқылтайдың ұясымен емдейтін амал, араққұмарлықтан алпыс күнде айықтыратын адам жайлы мақалалар жарияланған.

...«Ауырмаңыз!» газетіне 2017-жылға жазылу жүріп жатқанын естеріңізге саламыз. Олай болса, маман кеңестері, ел ішіндегі ерекше емшілер, түрлі ауруларға қарсы тиімді халықтық ем тәсілдері молынан жарияланатын газетке жазылуды ұмытпаңыздар! Жазылу индексі – 64233.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ