Бейсенбай бауырымыз Оңтүстікке оралды

07.11.2016
Қаралды: 2081

Жерлесіміз, белгілі журналист Бейсенбай Тәжібаев Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі – облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды. 

Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев еңбек жолын «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып бастаған. Кейін «Алтын орда» республикалық апталығының Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі болды, «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында редактор қызметін атқарды, облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне жетекшілік жасады.  2008-жылдың қазан айынан бастап облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы болып еңбек етті. Ал жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті Астана бюросының жетекшісі болып жұмыс істеді.

Біз Бейсен бауырымыздың бұл қызметте де абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ