Артында жақсы атын қалдырған

01.11.2016
Қаралды: 1032

«Қазақстан – Шымкент» телеарнасында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен, Мақтаарал ауданында «Санұр-ТВ» телеарнасын ұйымдастырып, 

күні кешеге дейін оның директоры әрі бас редакторы болып келген әріптесіміз Тұрсынхан Саржанов жасы 70-ке қараған шағында өмірден өтті.

Тұрсынхан Құдайқұлұлы Саржанов журналистика саласындағы еңбек жолын Мақтаарал аудандық «Жетісай» газетінде фототілші болып бастаған, облыстық «Южный Казахстан» газетінде жұмыс істеген. Қазақ киноқоры облысаралық кинобейнестудиясының Жетісай бөлімшесінің директоры болған, облыстық телерадикомпанияның оңтүстік аудандардағы тілшілер қосынын басқарған.  Кейін «Санұр-ТВ» телеарнасын құрып, кешегі күндерге дейін сонда еңбек етті. Адал еңбегінің арқасында көптеген марапаттарға, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.

Міне, Тұрсынхан Саржанов осындай азамат еді. Ол кісі артында жақсы атын қалдырды.

...Біз Тұрсынхан Саржановтың дүние салуына байланысты ол кісінің отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Жаныңыз жәннатта бол­ғай, әріптес!

«Замана».

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ