Сапарбек Тұяқбаев – Инвестициялар комитетінің төрағасы

01.11.2016
Қаралды: 848

2012-жылдың ақпан айынан бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып келген Сапарбек Тұяқбаев 

еліміздің Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сапарбек Құрақбайұлы Тұяқбаевты жұртшылық болашағынан үміт күттіретін азаматтардың бірі ретінде біледі. Ол 1979-жылы 1-қаңтарда Шымкент қаласында өмірге келген. Түркиядағы Таяу Шығыс техникалық университетін және Канаданың Торонто университетін бітірген. Мамандығы бойынша – халықаралық қатынастар бакалавры, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Кейбір басшылар сияқты емес, қазақша еркін сөйлейді, оған қоса түрік, орыс, ағылшын, француз тілдерін меңгерген азамат.

С.Тұяқбаев кезінде еліміздің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Президент Кеңсесінде жауапты қызметтер атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқар­ған болатын.

Біз Сапарбек Құрақбайұлының жаңа қызметте де абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ