«Керуенде» таза алтын бұйымдар бар

31.10.2016
Қаралды: 1908

Бүгінде той-томалақтың науқаны жүріп жатыр. Осы кезде алтыннан жасалған бұйымдар­ға деген сұраныс та арта түсетіні белгілі. 

Ал олардың қазіргі бағасы қандай, жалпы, бұл салада нендей жаңалықтар болуда? Біз осы және басқа да сұрақтарды алтын бұйымдарды сатумен кеңестік кезеңдерден бері айналысып келе жатқан Шәрипа Төреқұловаға қойдық.

«Бұрын бізде халық 583-ші пробалы алтын бұйымдарды ғана білетін, – дейді Шәрипа Әбдіғаппарқызы. – Негізінде ол таза алтыннан жасалған емес, құрамында күміс, мыс сияқты қоспалары бар, ондағы алтынның мөлшері 58,3 пайызға тең. Ресей алтын бұйымдары әлі де сол пробамен шығарылуда, сол бұрынғы стильде жасалуда. Жаңа стильде жасалғандарының бағасын бірден үш-төрт есеге дейін қымбаттатып жібереді.

Бұдан бөлек, бүгіндері сауда нүктелерінен 10 караттық (375-ші проба, құрамында 37,5 пайыз алтын бар), 14 караттық (585 проба, 58,5 пайыз алтынды), 18 карат (750-ші проба, 75,0 пайыз алтыны бар), 22 караттық (916-шы проба, 91,6 пайыз алтыннан тұрады) әшекей бұйымдар табылады. Ал ең таза, 100 пайыз алтыннан жасал­ған бұйым – 24 караттық. Ол 999,9 пробамен белгіленеді. Негізінен  алтын бұйымдардың әлемдік танылған брендтері Италияда шығарылады. Алтын ешқашан құнын жоймайды, қайта жыл өткен сайын оның бағасы артуда. Бүкіл әлемдегі банктердің валютасы алтын қорымен есептеледі. Қазіргі таңда алтынның 1 грамы 18 мың теңге болып тұр.

Табиғи алтын – өте жұмсақ металл. Одан жасалған жоғары сапалы алтын бұйымдарды бүгінде негізінен Үндістанда, араб елдерінде тағады. Ал біздің базарларда сатылатындар – ең төмен пробалы әшекей бұйымдар. Олардың өздерін де негізінен ақшадан қысылған адамдардан, ломбардтардан төмен бағаға сатып алып, тазартып сатады. Сондай-ақ Түркиядан көтере бағасына сатып әкеледі. «Көзі гауһардан жасалған» дейтіндерінің өзіне де күдікпен қарауға болады. Өйткені ондай жүзік көздері де көп жағдайда гауһарды өңдегеннен қалған ұнтағын желіммен жабыстырып жасалған заттар. Жұрттың оны арнайы аппаратпен тексергенде де таза гауһар деп адасып жататыны сондықтан».

...Шәрипа Төреқұловадан біз осындай жайлар жөнінде білдік. «Таза алтын іздесеңіз, бізге келіңіз», – дейді ол кісі. Осы орайда әлемдік стандарттарға сай, фирмалық заттаңбамен (этикетка) және тиісті құжаттармен расталған жоғары сынамалы алтын әшекей бұйым алғысы келетіндерге оның сауда нүктесіне (бутигіне) жол сілтей кетуді жөн көріп отырмыз. Ол Шымкенттің Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінің қиылысындағы «Керуен» сауда үйінің ішінде орналасқан. «Бутиктің» маңдайшасында «Аружан» деген жазуы бар. Ал Шәрипа Әбдіғаппарқызының өзімен 8-702-299-08-89 телефоны ар­қылы байланысуға болады.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ