Мәңгүрттерге қазақшаны үйрету үшін оларды қазы-қартаға тойғызу керек пе екен?

31.10.2016
Қаралды: 1387

Кеше тіл жайындағы бір жиынға қатысып едім. Аты дардай бір мектептің мұғалімі мен белгілі сая­саттанушының пайымынша, 

мемлекетік тілді білмейтін ел азаматтарына ерекше қамқорлық жасап, оларды Ұлытауға апарып қазы-қартаға тойғызып, ат мінгізіп, шапан кигізіп, домбыра тарт­қызып, қымыз, шұбат ішкізіп (бесікке бөлеп, бір жеріне шүмек кигізу ғана қалды), қысқасы, үлде мен бүлдеге орап, жалынып-жалпайып, этно­графиялық шоу жасап, қазақ тілін үйретуіміз керек екен.

Бізден өзге әлемнің барлық елінде мемле­кеттік тілді білмеген адам азаматтық та ала алмайды. Бізде білмесең де мемле­кеттік лауазым иеленіп, заң бекітуге де қатыса бересің. Енді ол аз болғандай, аузына тәтті-дәмдінің бәрін, барымызды тосып, жайылып төсек, иіліп жастық болуымыз керек екен.

Мәңгүрттер мен диаспоралардың басқа шыққаны аз болып па еді...

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ