Күйеу баламызды маскүнемдіктен құтқарған емшіге ризамыз

25.10.2016
Қаралды: 853

Қарындасымның күйеуі ішімдікке салынғанына біраз жыл болып қалған еді.   Ажырастырып жіберейін десек, екеуінің бес баласы бар. 

Балаларына обал болмасын, жаман болса да әкесінің жанында болсын деп үйге жылап келетін қарындасыма ылғи да басу айтып, ашуын басып, үйіне қайтаратынбыз. Бала-шағасы өсе келе ұялар деп ойлаушы едік. Сөйтсек, ол ішкенімен қоймай, енді қарындасқа қол көтеретінді, балаларын араққа жұмсайтынды шығарды. «Араққа ақша бермесем, бала-шағамызбен қоса қырып жібере жаздайтын әдет шығарды», – деп жылап келді бір күні үйге қарындасым.

Қатты ашуланып, үйіне барсам, ол өлесі мас болып жатыр екен, есін білмейді. Сол жатқан жерінде көлігіме салдым да, наркодиспансерге апарып тастадым. Онда он бес күндей жатты. Біз оны емделіп шығады деп үміттенгенбіз. Бекер екен. Кілең ішетіндер жиылған соң қайбір жетіссін, дәрігерлердің көзін ала бере «жекпе-жекке» шығады екен. Диспансерден біреулерден таяқ жеп шығыпты. «Өзіне де сол керек, кім ұрса да дұрыс істепті, енді қоятын шығар» деп ойлағанбыз. Ол үмітіміз де ақтала қоймады. Құлағымыздың тыныштығын көздесек, ажырастыра салар едік, оған күйеу баламызды аядық бір жағы.

Ішпей жүрсе, одан жақсы адам жоқ. Он саусағынан өнері тамып тұр, табысты да тым жақсы табады. Енді не істейміз деп жүргенімізде бір танысым «оқытып» жіберсек жақсы болып кететінін айтты. Қарындасыма айтып едім, әбден шаршаған ба: «Аға, мен бұдан күдерімді әлдеқашан үзгенмін. Әшейін сіздердің абыройларыңызды түсірмейін деп шыдап жүрмін», – деп жылап қалды. Оның сөзіне жүрегім сыздап кетті. Ажырасып кеткендері дұрыс па деп ойлап тұрдым да, «Қырықтың бірі – Қыдыр» демейтін бе еді, кім біледі, танысымның айтқаны боп кетіп, дем салдырғаннан тәуір болса, қарындасым да, жиендерім де қуанар еді ғой деп ойладым.

Сөйтіп күйеу баланы Шымкенттегі Нағима қажы деген емшіге апардым. Танысымның біраз туыстарына сол кісінің демі ем болып қонған екен. Мақтауын келістірген соң мен де ниеттеніп, күйеу баланың да ниетін бұрып, әрі біраз ағалық ақылымды айтып, сол кісіге ертіп бардым.

Нағима қажы күйеу баланың саудаға қолы жеңіл әрі өнерлі екенін тауып айтты. «Тірлігі алға жүріп бара жатқанына ниеті бұзық, іші тар адамның көзі тиген, содан жолы байланып, ішімдікке әуестігі артып кеткен», – деп үш күн дем салды. Қалай болар екен деп қорыққан едім, жоқ, содан бері бірнеше ай өтті, тыныш жүр. Бас иесінің жағдайы дұрысталып, құлағы тынышталған соң қарындасымның да, балаларының да шырайы кіріп қалды. Кейде ішкілікке үйір адамдарды оқытып тұрғанның зияны жоқ-ау екен деп ойлап қалдым осыдан кейін.

Егер алда-жалда Нағима қажыға баруға ниет етсеңіз, оның мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі, №30 үй. (Ол жаққа №3, 30, 69, 91, 93 маршрутты автобустар қатынайды, «Ди-айс» аялдамасынан түсіп барады). Емшінің өзімен 8-702-290-89-99 нөміріне хабарла­суыңызға болады.

Ш. ЕСЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ