«Мал қырылуы мүмкін», – дейді қарағандылық көріпкел Жәкен қажы

25.10.2016
Қаралды: 1828

Жұртшылық айтып жүргендей биыл қыс ерте түсетін секілді. Шымкентте 18-қазанда қар жауды. 

Және бұл бірінші рет емес. Өткен аптада да осындай жағдай болған.

Қазан айында қардың жапалақтап жауғанын Оңтүстікте көрме­гелі қашан? Қар аз жауғанына қарамастан көшедегі ағаштар құлап жатыр. Бұдан кейін тұрғындар арасында қыс қалай болады деген сұрақтар туындай бастады. Осы орайда біз редакцияға хабарлас­қан қарағандылық Жәкен қажы Рақымбекұлының ауа райы туралы болжамдарын оқырман назарына ұсынғанды дұрыс көрдік.

«Биыл қыс ерте түсіп, қар қалың болады, – деді ол кісі. – Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ болып, жердің бетін мұз басады. Бұл малдың көптеп қырылуына әкеліп соғары анық. Талай адам малынан айырылады. Себебі шөп жоқ, бары мұздың астында қалады. Адамдар малынан айырылса, жұт дегеніміз осы емес пе?

Қарағандыда қазір қар қалың. Ал Оңтүстікте  мұндай жағдайдың қашан болғаны есімде жоқ. Қаңтар мен ақпанда қар көрмейтін шымкенттіктер қазан айы басталғанда екі рет жауған қардан абдырап қалды. Бірақ бұл уақытша құбылыс.

Оңтүстікте биылғы қыс жауын-шашынды болады. Ауа райы жылы болатындықтан көбіне күн жаңбырлы болмақ. Бірақ менің болжамым бойынша қаңтардың ортасынан бастап күн жылына бастауы мүмкін».

Қысқасы, Жәкен қажының айтқандары рас болса, Шымкентте жауған қар ұзақ жатпайтын секілді. Бірақ қыста жаңбыр көп болып, адамдарға түрлі қиындықтар туғызуы мүмкін екен.

М. РАЙЫМБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ