Көмірдің тоннасы 11 мың 500 теңгеге шықты

25.10.2016
Қаралды: 976

Оңтүстікке қыс түсе бастағандай. Осындай кезде көмірге деген сұраныстың артатыны белгілі. 

Қыстың қамын жазда ойлайтындар көмірлерін қамдап алған болар. Дегенмен биыл көмір бағасы қанша болады деп жүргендер де көп. Сондықтан біз Шымкенттегі негізгі көмір сатумен айналысатын «ВИП-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің база меңгерушісі Ғани Мырзабаевқа хабарласып, биыл көмірге деген сұраныстың қалай болып жатқаны туралы сұрадық.

«Бүгінде көп жерлерде газбен қамтамасыз ету жүріп жатыр, – деді ол кісі. – Бірақ соған қарамастан көмірге деген сұраныс кеміген жоқ. Біздің негізгі тұтынушыларымыз – білім мен денсаулық сақтау саласының мекемелері, ірі кәсіпорындар. Одан бөлек жеке секторлар да көп.

Бүгін күн бұлттанып, жаңбыр жауып еді, адамдар көптеп келе бастады. Бұдан кейін осылай көбейе береді. Кейде адамдардың көптігінен көлік таппай тұрып қалатын кездер де бар. Жалпы, бізде көмір қоры жеткілікті.

Адамдардың біліп жүруі үшін көмірдің бағасын айтып кетейін. Көпшілік сұранысына ие «Шұбаркөл» көмірінің тоннасы – 11 мың 500 теңге. Былтырдан бері Қарағандыдан шыға бастаған «Қарағандылық» деп аталатын көмір  түрі 10 мың 300 теңгеден сатылуда. Ал Екібастұздың «Богатырь» көмірінің бағасы бұрынғыдай 8500 – 9500 теңге аралығында. Әзірге белгіленген баға осы. Алдағы уақытта да өзгермейтін шығар деген ойдамыз».

Қысқасы, аламын деушілерге көмір көп екен. Күн суыт­қанда кезек күтіп қиналып қалмас үшін азаматтардың осы бастан қыстың қамын да ойлай бергені дұрыс секілді.

А. НАУАЙЫ.

P.S. Ғани Мырзабаевтың телефоны: 8-705-780-24-10.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ