Бәйдібек ауданының әкімі ауысты

25.10.2016
Қаралды: 1257

Бәйдібек ауданының әкімі ауысты. Бұл қызметке Бақытбек Тана­гөзов тағайындалды.

Бақытбек Төленұлы Танагөзов 1957-жылы Созақ ауданында туылған. Мамандығы – экономист. Еңбек жолын Шолаққорған ауылындағы аудандық банкте бастаған. Созақ аудандық партия комитетінде нұс­қау­шы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық пар­тия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болған. Аудандағы агро­өнеркәсіп кешені еңбек­керлерінің кәсіподақ коми­тетін басқарған, аудан әкімінің орынбасары қыз­метін атқарған. Кейін «Тұран-банктің» аудандық бөлімшесінде, бірнеше кәсіпорындарда жауапты қызметтерде болды. 2010 – 2016-жылдар аралығында Сайрам ауданындағы Тассай ауылдық округінің әкімі, аудан әкімінің кеңесшісі, орынбасары қызметтерін атқарды. 2016-жылдың мамыр айынан бері Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып келді.

Ал Бәйдібек ауданын 2014-жылдың маусым айы­нан бері басқарып келген Батырбек Көшербай жаңа қызметке ауысты. Ол Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

...Біз бұл азаматтарға жаңа қызметте де абыройлы бола беріңіздер деген тілек білдіреміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ