Бақытты болыңыз, Болат аға!

24.10.2016
Қаралды: 2461

Неге екені белгісіз, соңғы бір аптадан бері ғаламторда Елбасының інісі Болат Назарбаевтың отбасына қатысты деректер көп жарияланып жатыр. 

Әсіресе ол кісінің әйелі Гүлнұр Назарбаевамен бірге қып-қызыл киім киіп түскен суреті жұрт назарын өзіне ерекше аударды десе болады.

«Фейсбук» желісіндегі «Бәсе» деп аталатын парақша кешегі аптада Болат және Гүлнұр Назарбаевтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде тың деректер мен суреттерді жұртқа жария етті. Онда олардың жас айырмашылықтарына қарамай өте жарасымды жұп екені, қай ортада болмасын бірдей стильде киінетіндері жөнінде айтылған. «Бәсе» парақшасынан сондай-ақ олар тұратын үйдің және өздеріне тиесілі көліктердің (арасында салоны бриллиант тастармен көмкерілген көліктер де бар) суреттерін таба аласыз. Шет елдерге жиі шығатын танымал отбасының жеке ұшағы да бар екен.

Ғаламтордағы мәлімет­терге сүйенсек, Болат және Гүлнұр Назарбаевтардың екі қызы бар. Кішкен­тайлары биыл бірінші сыныпқа барыпты. Соның құрметіне орай Назарбаевтар отбасы таяуда ұлан-асыр той жасаған.

Гүлнұр Назарбаева соңғы уақытта түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдас­тырумен көзге түсіп жүр. Ол сонымен қатар, «BN» деп аталатын музыкалық топқа жетекшілік етеді.

...Міне, Назарбаевтар отбасының бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Не дейміз, бақытты болыңыз, Болат аға!

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ