Әкіміміз Бұқарбай өтінішті құп алғай!

18.10.2016
Қаралды: 953

Төлеби ауданының әкімі

Бұқарбай мырза!

Атқарған ісіңізге жұрт ырза.

Өйткені сіз

Бәрін де түзедіңіз,

«Қызыл сызықты» реттеп,

Талдарды әктеп, «күзедіңіз».

Сіз келгелі

Жол бойына ескерткіш арқар, елік,

Ләйлек деген құс келді.

Бірақ бір өкініштісі –

Әлішер Науайы ауылындағы бітпеген кітапхана

Қызметіңізге тұспа-тұс келді.

Сіз оны білмейсіз,

Құрылысы сіз келерден бұрын басталған.

Басталған да, аяқталмай тасталған.

Түсінбейтінім –

Меценаттар бір өзі

Мешіт, мектеп салады.

Ал біздегі кәсіпкерлер

(Нәпақасын тапқан нәсіпкерлер)

Ауылдың жағдайы, мәдениетін көтермесе,

Берген уәделері қайда қалады?

Рас,

Көктемде фундаменті құйылғанда,

Кәсіпкерлер, сайланған депутаттар жиылғанда,

Шелектеп раствор тастап,

Жақсы бір істі бастап,

Суретке түсіп,

Ықыластары зор еді...

Кейін өзіңіз ауылды аралап,

Жақсы менен жаманды саралап,

«Хана... Хана... Бұл не?» – дегеніңізде

Игі-жақсылар:

«Бұл – кітапхана», – деп көрсетіпті.

«Бітіреміз. Жиямыз.

Әлі қызыл лента қиямыз», – деп сөз беріпті.

Содан бері жаз өтті. Күз жетті.

Ой түлкісі ойға,

Қыр түлкісі қырға кетті.

Қазір соның бірі жоқ.

Ал кітапхананың

Есігі аңқайып, төбесі жалпайып,

Бітетұғын түрі жоқ!

Бұл ұят!

Әкім інім Бұқарбай,

Осыны

Назарыңызға алғайсыз.

Намысшыл азаматтарды қамшылап,

Есіне бір салғайсыз.

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Төлеби ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ