Отырарлық имам Абд ас-Самад 600 жыл өмір сүрген бе?

17.10.2016
Қаралды: 1918

Шәуілдірдегі аудан әкімдігі ғимаратының алдында «Даңқты бабалар» аллеясы орналасқан. Мұнда, қателеспесек, Отырардан шыққан 29 ойшылдың ес­керт­кіштері қойылған. 

Қаз-қатар тұрған бұл ескерт­кіштерді көрген адам қызығып, ұлылар­ға тағзым етері анық. Әкімдіктің алдында әрі жол жиегінде болғандықтан мұны ары-бері өткен қонақтардың тамашалап жүргенін де талай байқағанбыз. «Арыстанбаб­қа» баратын зияратшылар мен туристердің осы жолмен өтетінін ескерсек, бұл ескерткіштерді талай адамның тамашалап, суретке түскенін де ешкім жоққа шығара алмаса керек.

Сырттай қарағанда барлығы дұрыс. Дегенмен біз өзіміз айтып отырған «Даңқты бабалар» аллеясынан бір олқылықты бай­қадық. Жоғарыдағы Отырардан шыққан данышпандардың бірі – дінтанушы, имам Абд ас-Самад әл-Фарабидің туған және өлген жылдары қате жазылыпты. Өмір сүрген уақыты деп 707 – 1307-жылдар аралығы көрсетілген. Сонда ол кісі 600 жыл өмір сүрген бе?

Бұл қателікті жергілікті тұрғындарды қайдам, лауазымды адамдардың байқамағаны анық. Егер байқаса, әлдеқашан түзеткен болар еді.

М. РАЙЫМБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ