Ақтоты Райымқұлова – министрдің бірінші орынбасары

10.10.2016
Қаралды: 1032

Үкімет Қаулысымен Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова 1964-жылы Алматы қаласында өмірге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын композиция және фортепиано мамандықтары бойынша бітірген. Кезінде жоғары оқу орындарында концертмейстер, оқытушы болған, Мәдениет министрлігінің мәдениет және өнер істері комитетінің төра­йымы қызметін атқарған. 2014-жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі департаментінің директоры болып келді.

Ақтоты Райымқұлова – Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, 300-ден астам әндердің авторы. Ол – өнертану ғылымдарының докторы, доцент. Ағылшын тілін меңгерген. «Аспан көші» балетінің, «Толғау», «Дала сазы», «Жәмила», «Асар» симфониялық поэмаларының, «Ежелгі Тұран» симфонеттасының, бірнеше кантаталардың авторы. Ақтоты «Абай», «Еңлік – Кебек», «Абылай хан», «Естайдың Қорланы», «Қор­қыттың көрі», «Сыған серенадасы», «Періштеге хат», «Астана – махаббатым менің!», «Алатау», «Соңғы сезім», «Тұзды шөл», «Гамлет» сияқты көптеген спектакльдер мен фильм­дерге, сериалдарға музыка жазған.

...Біз өмірлік тәжірибесі мол білікті маман Ақтоты Рахметоллақызының жаңа қызметінде де биіктерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ