Телерадиокорпорация басшысы ауысты

10.10.2016
Қаралды: 1793

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы ауысты. Оның басқарма төрағасы қызметіне Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды.

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977-жылы Батыс Қазақстан облысында туылған. Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Женевадағы Халықаралық бизнес мектебін журналистика, құқықтану және корпоративтік менеджмент мамандықтары бойынша бітірген. Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «Қазмедиа орталығы» бас директорының бірінші орынбасары, республикалық «Zaman – Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы корпоративтік сауда дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.

Ал «Қазақстан» телерадиокорпорациясын 2011-жылдың шілде айынан бері басқарып келген Нұржан Мұхамеджанова басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне ауыстырылды.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ