Алматылық полицей ұятқа қалды

04.10.2016
Қаралды: 883

Таяуда ақпарат құралдарында көшеде қатар тұрған көліктердің бірінің артқы орындығында отырып дәрет сындырған полицейдің суреті жарияланған болатын. 

Байқағанымыз, оқиға Алматыдағы «Хохлушка» деп аталатын дәмхананың жанында болғанға ұқсайды.

Осы қолайсыз жағдай жариялана салысымен Алматының полицейлері аяғынан тік тұрды десек болғандай. Ішкі істер департаменті шұғыл жұмысқа кірісіп, ол азаматтың кім екенін анықтап та үлгеріпті. Бұл жөнінде департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті. «Қиын жерде дәрет қысқан» бұл азаматтың «Түрксіб» аудандық жергілікті полициясының қызметкері екені анықтал­ған.

Өткен апта соңында бұл азаматтың кінәлі екендігі дәлелденіп, ол қызметінен босатылды. Сондай-ақ басшыларына тиісті шара көрілді. Иә, өмірде не болмай жатыр десеңізші!

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ