Ұлттық бюроны Талғат Татубаев басқарады

04.10.2016
Қаралды: 953

Таяуда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің таратылып, «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі»

 деген атпен қайта құрылғаны, оған осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроны басқарып келген Қайрат Қожамжаровтың төраға болып тағайындалғаны белгілі. Ал аталған Ұлттық бюро жаңадан құрылған агенттіктің құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро» деген атпен кірген еді. Кешегі аптада осы құрылымның басшысы болып Талғат Татубаев тағайындалды.

Талғат Маратұлы Татубаев 1976-жылы Қарағандыда туылған. Қазақстан Республикасы Бас тергеу комитетінің жоғары мектебін бітірген. Қаржы полициясы қатарында 2012-жылдан бері еңбек етіп келеді, онда бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. 2013-жылы Президент Әкімшілігіндегі құқық жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып істеген. Биылғы жылдың қаңтар айынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы төрағасының орынбасары болып келді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ