Елімізге 8 айда 12 мыңға жуық қытай келіпті

04.10.2016
Қаралды: 1353

Қытайдың 51 зауытын Қазақстанға көшіріп әкелетіні белгілі болғалы бері ел арасында сөз көбейді. 

Таяуда «БАҚ.кз» сайтында жарияланған мақалада да осы тақырып қозғалып, ресми деректер келтіріліпті. Мысалы, мынадай жайлар жөнінде айтылады:

«Жуырда ғана Астанада босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің 3-ші кездесуі өтті. Осы жиында 2016-жылдың 8 айы ішінде Қазақстанға келген еңбек мигранттарына қатысты есеп-қисап айтылды. Ондағы деректерге үңілсеңіз, аза бойыңыз қаза болады.

...Қазақ шекарасынан бері өтіп жатқан еңбек мигранттарына зер салсаңыз, «ең мобильді» гастарбайтерлер қытайлықтар екенін байқайсыз. Қаңтар мен тамыз аралығындағы 8 ай ішінде 11 мың 641 Қытай азаматы қазақ жеріне аяқ басқан. Бұл бүкіл Еуразиялық одақ елдерінен келіп жатқан еңбек мигранттарына жетеғабыл адам.

«2016-жылдың 8 айында Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінен жұмысқа тұру мақсатында 12.963 адам келген. Ресей азаматтары – 9388 адам (2015-жылы 12.529 болған), Қырғызстаннан – 1496 (2015-те – 1138), Беларусь елінен – 394 (2015-жылы – 608),  Армениядан 1685 адам (2015-те – 2074 адам) келді», – дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова. Осыдан өткен жылға қарағанда ТМД елдерінен келетіндердің саны азая бастағанын аңдау қиын емес. Мұның басты себебі экономикалық дағдарыста екені белгілі. Мұндай жағдайда шеттен келген еңбек мигранты Қазақстаннан не жейді? Демек, ТМД елдерінен бері ағылатын жұмыс күшінің азаюы – табиғи құбылыс.

Ал Қытайдан бері ағылған нөпір жөнінде не айтуға болады? Айналдырған 8 айдың ішінде 11 мың 641 Қытай азаматы шекарадан өткен. Бұл көп пе, аз ба? Мұны білу үшін 11 мың 641 адамды 8 айға бөліп көріңізші – 1455-тен келеді. Оны 30 күнге шақсаңыз, әр күн сайын 48 Қытай азаматы бері өтіп жатыр деген сөз. Енді оны минутқа шақсаңыз, әр жарты сағат сайын – 1 қытай. Мұны қауіп емес деп кім айта алады?»

...Иә, мұндайды білгесін көңіліңіз көтеріліп қалмайтын шығар.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ