Жиырма мен Бес циркте өнер көрсететін болады

03.10.2016
Қаралды: 1850

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Оңтүстік-Цирктің» 5 жылдығына орай тамаша тарту жасалды. 

«Оңтүстік-Цирк» мекемесінің директоры Арман Әлиевке Шымкент хайуанаттар бағының басшысы Нұрғазы Бұқарбаев екіжақты келісім негізінде қос бірдей абаданды табыс етті. Арыстан күшіктерін туылғалы бері күтіп-баптаумен айналысқан зообақ қызметкерлері оларды қимас­тықпен шығарып салды.

Кішкентай «қыз» арыстанға – Шири, «ұл» арыстанға – Тано деген есімдер берілген. Африкалық суахили тілінен аудар­ғанда олар «Жиырма» және «Бес» деген мағынаны білдіреді.

Цирктің аң үйретуші мамандары олармен тығыз жұмыс жасап, Оңтүстік көрермендерін қызықты өнерімен тәнті етпек ниетте.

Мәдина АЙТПЕНБЕТ,  «Оңтүстік-Цирк» МКҚК баспасөз хатшысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ