Әкімдердің базар аралауы – көзбояушылық...

26.09.2016
Қаралды: 1067

«Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктердің, тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағасы айрықша бақылауда тұруы тиіс, – деді Премьер-министр. – Олардың жөнсіз қымбаттауына жол бермеу, дер кезінде тиісті шаралар жасау керек».

Үкімет басшысы Астанада, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысында жекелеген азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты мысалдар келтірді, өңір басшыларына мұндай құбылысқа жол бермеу керегін ескертті. Осы орайда ол кейбір басшылардың базар аралап бағаны ырықтандыруға әрекеттенетінін жай, көзбояушылыққа, популизмге теңеді.

«Бізде өнім шығару мен оны өткізуге, бағаларды ұстап тұруға бағытталған нақты тетіктер көп, бірақ олар жұмыс істемейді, – деді Б.Сағынтаев. – Өйткені әкімдіктер тарапынан қатаң қадағалау жоқ. Басшылардың көбі базарды аралап, бағаны ырықтандырдық деп ойлайды. Ал бұл – популизм, ол ешқандай да нәтиже бермейді. Өйткені ондағылар тексеру кезінде бір бағаны көрсетіп, ол біткесін тауарын басқа бағамен сатады».

Қысқасы, Үкімет елімізде азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеуді өңір басшыларына шегелеп тұрып тапсыруда. Ал тапсырманы орындауға нарық пен алыпсатарлар ырық бере қояр ма екен?

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ