Өкінішті... Жол апатының беті күшті...

26.09.2016
Қаралды: 1097

Өткен аптада Қазығұрт ауданының аумағында аса қайғылы жағдай орын алды. «Алматы – Ташкент – Термез» тас жолында «Форд-Транзит» және «Тойота-Виндом» авто­көліктері соқтығысқан. 

Оқиға салдарынан   «Форд-Транзит» автокөлігінің жүргізушісі (1960-жылғы) және оның қасындағы 1965, 1970, 1971-жылдары туылған жолаушылар мен «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі (1987-жылғы) алған ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 16 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілді.  Олардың бірі, 2013-жылы туылған қыз есін жинай  алмай қайтыс болды.

Аталған жайтқа қа­тысты Қылмыстық Ко­дек­стің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша іс қоз­ғалды. Бірқатар экс­пертизалар таға­йындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облыстық

ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ