Доп ойнаған озып тұр...

21.09.2016
Қаралды: 1115

Таяуда елордалық «Астана» клубының бас бапкері Станомир Стойлов болгариялық журналистерге жұртты таңқалдыратын бір сұхбат берді. 

Ол қазақстандық футболшылардың айлық жалақылары 70 мың долларға дейін жететінін айтты. Бұл жөнінде «Скиф-ньюс» порталына сілтеме жасай отырып «Нұр.кз» сайты жариялап отыр. Онда С.Стойловтың мынадай сөздері келтіріледі:

«...Мұнда жалақы 20 мың доллардан басталып, 50 – 60 мың долларға дейін жетеді, тіпті 70 мың доллар алатындары да бар. Мен «Қайрат» пен «Астана» клубтары жайында айтып отырмын. Өзге командалардағы жалақы шамамен деңгейлес, 20 – 25 мың доллар көлемінде».

Стойлов өз сөзінде футбол командаларының сапар шығындары жөнінде де айтып өтіпті.

«Мәселен, «Астананың» Лиссабонға ұшып баруы шамамен 500 мың долларды құрады. 9 сағат әуеде  ұштық, 4 күн сонда болдық. Ішкі чемпионатта да барлық ойындарға ұшақпен баруға мәжбүрміз, өйткені қалалардың арасы тым шалғай. Шығын үлкен. Оның үстіне футболшылардың 90 пайызы – «Адидас», қалғаны «Найк» брендін таңдаған. Тек киім үшін әр клуб 200 – 300 мың евроға шығынданады.

Қысқасы, «Астана» клубының жылдық бюджеті 30 миллион долларды құрайды, «Қайраттікі» де осы шамалас екен. Ал Қазақстан чемпионатына қатысатын өзге клубтардың жылдық шығыны 10 – 20 миллион долларды құрайтын көрінеді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ