«Экстрасенстер шайқасына» қатысқан емші

20.09.2016
Қаралды: 1587

Пал ашып, тамыр ұстайды
Мен бұл әйелмен кездейсоқ таныс­тым. Қатты әлсіреп, өз-өзімнен өмірден түңіліп, жүдеп, жүй­кем жұ­қарып жүрген кезім еді. 

Жақын араласатын құрбым Жанар маған өзінің танысы жайлы айтып берді. Ол өмірден түңілген, қа­тар келген қиындықтардан еңсе көтермеген, отбасында берекесі қашқан адамдарға жәрдемдесетін бір әйелді таниды екен. Менің сенбегеніме, қарсылығыма қарамастан Жанар мені Валентина Чангароваға ертіп барды.

Валентина шынында да өте біл­гір жан екен. Оның адам бойындағы ауырлық пен жайсыздықты бөдене жұмыртқасына аударатынын білдім.  Ол біз­дің отбасымыздағы бірлік пен береке көре алмаушылық, тіл-көз сияқты сыртқы әсерден әлсіре­геніне көзімді жеткізді. Сосын тоңа­зыт­қышынан бөдененің жеті жұ­мыртқасын алып, әлденелерді күбір­лей жүріп оны менің денеме сүйкеп шықты да, шырпымен тұла-бойымды аластады. Осы кезде мың-сан құмырсқа қашқандай болып, денем қатты тітіркенді. Артынша бо­йым жеңіл тартып, кеу­демді бір қуаныш кернеді. Бұл Валентинаның мені таң­қалдырған алғашқы кереметі еді.

Көне картасын алдына жайып тас­таған В.Чангарова өткеннен келе жат­қан ке­леңсіздік, жақында басталған жайсыздық пен оның салдарын айтқанына таң қалдым. Сосын сұқ саусағын оң білегіме басып тұрып қай жерім қашаннан, қалай және неге ауыратынын ашып айтты. Мұны дәл тапқандықтан қызығушылығым артып, бәрін қалай дөп басатынын сұрадым.

«Нағашы әжем бақсы, көріпкел әрі емші болатын, – деді ол. – Қолымдағы мына картаның тозығы жет­кенін көріп тұрсыз. Әжем осы көне картадағы бейнелерді сөйлететін. Картаны алдыма жайып тастағанда адамның басындағы барлық жағдай менің де көз алдымда кино сияқты тізіліп өте бастайды. Тамыр ұстауды да әжемнен үйрендім. Сол арқылы адам ағзасында қандай өз­ге­ріс болып жатқаны, болашақта оны не мазалайтынын да се­земін».

Осылай деген Валентина менің оқыс қимылдағанда буындарым сықырлайтынын, жүрегімнің анда-санда шаншитынын, бүйрегімнің біраз жылдан бері ауы­ратынын, бұл ауру соңғы кездері белімді де сыздатып жүр­генін айтты.

Емші әйел Ресейден емдік шөптер алдыртады екен. Соларды қайнатып, тұнба жасап, оған дем салып берген. Үш айдан бері еңсемді көтере алмай, бірінен кейін екін­шісі мазамды қашыр­ған аурудан мен осылайша көп ұзамай-ақ айықтым. Бұл кезде отбасымызда кіріс артып, шаңырағымызда шаттық орнай бастаған.

Әжесіне әйгілі Ванга орамал сыйлаған екен

В.Чангарова 2005-жылы Мәскеуде «Экстрасенстер шайқасына» қатыс­қан екен.

«Бірнеше мемлекеттен келген  көріпкелдердің көп­шілігіне үлкен-үлкен отыз қорапта жасырынған адамды табу қиын тиіп жатты, – дейді ол. – Талай адам осы жерде сүрінді. Кең әрі бос залға кіргенде мен де өзіме сен­бегенмін. Бірақ қораптарға жақындамай тұрып-ақ онда жасырынған адамның ер-азамат екенін сездім. Өзгелер секілді әр қорап­қа алақанымды ти­гізіп әуре болмастан, қашықта тұрып-ақ ерекше ыстық леп тарағандықтан көзіме ыстық көрін­генін нұсқадым.

Бұдан басқа да күр­делі, шым-шытырық сынақтардан өттік. Тіпті қауіпке ұрынған, қылмыстың құрбаны болған адамдардың басындағы оқиғалар­ға талдау жасап, өткен жылдардағы жұм­бақ оқиғаларды шашылып кеткен кар­ти­на сияқты жинастырып, құқық қор­ғау­шылардың құпия жұмыстарына да араластық».

Кезінде Ресейдің Новосибирск қаласында тұрған әжесін басына іс түскен адамдар Украина, Белоруссия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан іздеп баратын болған. 94 жасқа келіп көз жұмған әжесі болгарлық белгілі көріпкел Ванганың сырлас құрбысы болыпты. Ванга оған орамал сыйлаған екен. Көз жұмарында ол өзін Ванга берген орамалмен қоса жерлеуді тапсыра отырып, бар қасиеті Валентинаға ауатынын айтыпты. Бүгінде бедеулікті, белсіздікті, бас ауруларының түр-түрін, бүйрек пен бауыр кеселдерін емдеу, жолы байланудан, сәтсіздік пен кедергілерден құтқару, береке мен ақша жолын аштыру ісіне машықтанған В.Чангарова – осылай бата алып, түрлі сынақтарда ысылған экстра­сенс.

  120 түрлі тәсілдер қолданатынын айтады

Өмір болған соң адам басынан түрлі жағдай өтіп жатады ғой. В.Чангарованың да алдына түрлі мәселемен баратын адам көп. Оның кішкентай, әлсіз сәби бойындағы кеселді тауық жұмырт­қасына аударғанын көрдім. Дәрігер­лерден қайран болмай отырған сол сәби көз алдымызда бетіне қан жүгіріп, ас ішуге жарады. Енді біреулер үйінің, кеңсесінің немесе бизнесінің құжатын апарып оқытып жатады. Бір қызы­ғы, соның қай-қайсысында да ол көмек сұраушы адам қандай мәселемен келгенін айтқызбай біліп қояды. Ол ағза ауруларын арнайы дұға оқылған емдік шөптерімен емдесе, бойын ауырлық бас­қан, өмірден жолын таппаған жандарды бұлақ суымен тазалайды. Тұрмыс­қа шығуды, отбасылық бақытты аңсағандарға көрсетер көмегі өз алдына. Кесір мен кедергіге тап болғандарды да қиындықтан құтқаруға көмектесіп, жол сілтеп жатады.

Біздің халықта «пышақ тисе ерегісіп кетеді» дейтін ауру түрлері болатынын білетін шығарсыздар. Астан ұшын­ған адамның асқазанына жара шыққанда оны үшкіріп емдей­тінін білеміз.  В.Чангарованың емдік тәсілі де осыған ұқсас.

«Былтыр маған Қызылордадан 43 жас­тағы ер адам келді. Қолтығына кішкентай без шыққан екен. Кетіремін деп түрлі ине егіп, дәрі ішкен. Бірақ без үлкейіп, көбейіп, тоғыз жылда  жетеу­ге жетіпті. Ақырында ол қолын қозғалта алмай, сыздағанда тыныш ұйықтау арман болған. Бәрібір ота жасатуға қорқып, маған келді. Оны орыстарда «Сучья имя» дейді. Соған сай сары қаншық иттің түлеген жүнімен ұшықтайды. Құдайға жалбарына отырып осы амалды істеп, әлгі азаматты пышаққа тү­сірмей, тоғыз жылғы азабынан тоғыз күнде құтқардым. Жетінші күннен бастап бездің беті безеу сияқты жарылып, ірің сыртқа шығып, ақыры жазылып кетті», – дейді емші.

Түсінгенім, В.Чангарова ауруды «сүйекпен келген», «қанмен келген», «зиян әсерден бол­ған» деп үш топқа бөледі екен. Әр ауруға қарсы жасайтын өз амалы бар. Сөз арасында адамға жасалған ырым-зиянды, дуа мен ауруды кеті­рудің 120 әдісін білетінін де айтып қалды. Өз басым В.Чангароваға өте ризамын.

Осы орайда жәрдеміне жүгінемін деген адамның онымен 8-775-104-62-09 телефоны арқылы хабарласуына болатынын айта кеткім келеді.

Гауһар ЖА­АБАЕВА.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ