Жаңа министрлік құрылды

20.09.2016
Қаралды: 918

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен жаңадан Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі министрлік құрылды. 

Оны басқару осыған дейін Президенттің көмекшісі – Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы болып келген Нұрлан Ермекбаевқа тапсырылды. Жаңа министр­лікке еліміздегі діни ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу, азаматтардың дін бостандығына қатысты құқықтарын қорғау және бұл саладағы басқа да жұмыс­тарды үйлестіріп, жүргізіп отыру жүктелді.

Ал Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін Владимир Жұмақанов атқаратын болды. Ол кісінің таяуда ғана Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны, орнына осыған дейін Үкіметті басқарып келген Кәрім Мәсімовтің тағайындалғаны белгілі.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ