Билікке талас басталды ма?

14.09.2016
Қаралды: 1009

Осыдан біраз уақыт бұрын мен «Фейсбукте» Өзбекстан туралы бірнеше сценарийді жазғанмын. Қателеспесем, 2-қыркүйекте жарияладым ғой деймін. 

Өкінішке орай, сол негативті үшінші сценарий келе жатқанға ұқсайды. Өзбекстанда қала тұрғындары арасында «Мырзияев билікке келмесін!» деген ұранмен  толқу, қозғалыс басталған көрінеді.

Олар кімдер болуы мүмкін?

1). Тұрмыстық – әлеуметтік наразылық;  2). Мырзияевтің  билікке таласушы бақталас саяси конкуренттері;  3). Оларға келесі кезеңде қала тұрғындары, студенттер, орта мектептің  ересек балалары және әйелдер қосылуы мүмкін;  4). Діни қауым қосылып кетуі ықтимал.

Өзбек – дәстүрге берік халық. Әу бастан  көнбіс бұқара,  ал күштік құрылымдар қимылсыз қалып,  шектеусіз еркіндік ала қалса, қопарып тастайтын әдеті тағы бар.

Мен бірнеше сценарий болуы ықтималдығын болжаймын. Бірінші  сценарийде қазіргі Премьер-министр Лоламен келісіп немесе келіспей билікті өз қолына алып, келесі диктаторға айналады.  Екінші  сценарийде қазіргі Премьерден басқа адам, ол күштік құрылым адамы, Лоламен келісіп немесе келіспей білікті өз қолына алып, келесі диктаторға айналады.  Үшінші  сценарийде билікке үшінші күш келуі мүмкін:  ол – діндар махалла адамдары.  Олардың лидерлері – жас молдалар, медресе талабалары мен студент қауымы, ірі қала тұрғындары.  Олар жастарды дүрліктіріп, саяси және идеологиялық инициативаны өз қолына алуы ықтимал. Олардың тактикасы – қала жастарын өздеріне ілестіріп алу. Егерде өзбек элитасы билік тағына тағайындауды тым ұзаққа созып жіберсе, «үшінші күш» билікке таласушылары мешіттерге саяси апелляция жасаса,  үшінші сценарийдің ықтималдығы өсе түседі.

Әзімбай ҒАЛИ,  саясаттанушы.

(«Фейсбуктегі» парақшасынан).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ