Арыстың әкімі ауысты

13.09.2016
Қаралды: 1551

Арыс қаласының әкімі ауысты. Бұл қызметке Мұрат Қадырбек тағайындалды.

Мұрат Болатұлы Қадырбек 1980-жылы Шардара ауданында туылған. Білімі бойынша – заңгер, құқықтану магистрі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Ол еңбек жолын 2002-жылы Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры болып бастаған. Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай аудандық  №2 сотында, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жауапты қызметтер атқарған. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары болған. Биылғы қаңтар айынан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып келді.

Ал Арыс қаласының әкімі қызметін 2012-жылдың тамыз айынан бері атқарып келген Сейіт Ертай облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ