Қайрат Нұртастың пиджагын 450 мың теңгеге сатпақшы

13.09.2016
Қаралды: 2047

 on}«Замананың» кешегі аптада жарық көрген нөмірінде «Қайрат Нұртастың пиджагын сатамын» деген тақырыппен шағын жарнама жарық көрген болатын. 

Осы жарнамаға байланысты біздің редакциямызға хабарласып, мән-жайды сұрағандар көп болды. «Бұл расында да Қайрат Нұртастың пиджагы ма?», «Оны әлгі адам не үшін сатпақшы?» деп сұрақ қоятындардың қатары көбейген соң біз жарнама берушінің өзімен тілдесуді жөн санадық. Қайрат Нұртастың қымбат бағалы киіміне ие болған жігіттің есімі -- Қазыбек Дарханбай, ол Шардара қаласында тұрады екен.

«Бұл бағалы сыйлық маған 2015-жылдың 24-мамырында бұйырды, -- дейді Қазыбек. -- Дәл сол күні Қайрат Нұртас біздің ауданға арнайы келіп, жеке концертін өткізген болатын. Сол кеште мен қолыма микрофон алып, оған деген тілегімді айттым. Әндерін сүйіп тыңдайтынымды білдірдім. Соған риза болды ма, әйтеуір маған аса бағалы тастармен көмкерілген аппақ пиджагін сыйға тарты.

Шынымды айтсам, ол пиджаг өзіме қатты ұнайды. Өлшемі де өзіме құйып қойғандай. Сатуға қимаймын. Бірақ олай етпеске амалым болмай тұр. Мен сал ауруына шалдыққанмын. Жиі ем қабылдап тұруға тиіспін. Ал кезекті ем курсын қабылдау үшін ақша таба алар емеспін.

Маған негізі тұп-тура 450 мың теңге керек боп тұр. Сол себепті мен Қайрат Нұртастың пиджагын осы сомаға бағалап отырмын. Бірақ алатын адамдар кездесіп жатса 350-400 мың теңгеге де бере салар едім».

Қазыбекпен әңгімелесе отырып түсінгеніміз, әзірге пиджакты алатын нақты адам табылмапты. Жарнама арқылы хабарласушылардың көбі оны тым қымбатқа бағалап отырғанын айтады екен. Сондай-ақ оның сөздерінен дәл қазір қиын жағдайда тұрғанын, емделуі үшін ақша таппай отырғанын аңғардық.

Кім біледі, бәлкім таяу уақытта атақты әнші сыйға тартқан киімді сатып алатын адам табылатын шығар. Мүмкін Қазыбек бауырымызға жай ғана көмек қолын созатын жомарт жандар да кездесіп қалатын шығар деген ойдамыз.

Қазыбек Дарханбайдың байланыс телефоны – 8-702-981-78-56.

С. ИКРАМҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

{jcomments on}

Пікір қалдыру

1000 символ