Президент Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді

05.05.2020
Қаралды: 699

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су апатынан зардап шеккен Түркістан облысындағы бірде-бір тұрғын назардан тыс қалмайтынын хабарлап, үкіметке тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

 

Қазақстан президенті өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында төмендегідей жазба жариялады:

 

"Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды".

 

Естеріңізге сала кетсек, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауылдарды су басты. Кейін Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланып, су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланған еді.

 

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ