Су басқан 2 ауыл басқа жерге көшірілуі мүмкін

05.05.2020
Қаралды: 216

Түркістан облысында су басқан кейбір ауыл басқа орынға көшірілуі мүмкін. Мұндай ұсыныс 100 пайыз су астында қалған Жаңатұрмыс пен Жеңіс елді мекендерінің тұрғындарының өздерінен шыққан екен.

 

Облыс басшылығының есебінше, Жаңатұрмыс пен Жеңіс ауылында 180-ге жуық үй зардап шеккен. Ал тұрғындардың қос ауылдың орнын ауыстыру туралы ұсынысына жергілікті билік ең алдымен "жазбаша рұқсат керек" деп отыр. "Мақтаарал ауданында бос жер жоқ, халық тығыз орналасқан. Сол мәселерді қазір қарастырып жатырмыз. Негізі Жеңіс және Жаңатұрмыс тұрғындарынан ұсыныс түскен. Сол ауыл тұрғындарынан 70 пайызы жазбаша келісім болуы керек. Өйткені қазір эмоциямен айтып қалған шығар, ертең "ойбай, көшпейміз, ата-бабамыздың жері, зираты" дегендей, солай десе, біз ештеңе істей алмаймыз", - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов. Сонымен қатар әкімдік бүгін су деңгейі төмендей бастағанын да айта кетті. Яғни, қызыл су басқан ауылдардың бірінде су деңгейі екі сантиметр азайса, кейбірінде 6 сантиметрге дейін төмендеген.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ