Тамара Дүйсенова - Президент көмекшісі

05.05.2020
Қаралды: 1299

Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

 

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

 

Бөлімнің міндеті - азаматтардан түсіп жатқан хаттарды сараптап, халықты толғандырған проблемаларды анықтау.

 

Бұл қызметті бұған дейін 2019 жылдың шілдесінен бері Аида Балаева атқарып келген. Ол 4 мамырда Дәурен Абаевтың орнына ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ