Тоқаев: Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады

05.05.2020
Қаралды: 683

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Егемен Қазақстан газетіне сұхбат берді.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіндегі сұхбатында қазіргі күрделі кезеңге қатысты ой-тол­ғамдары жарияланды.

 

Сұхбат барысында пандемияға қатысты еліміздің басына төнген жағдайға орай, валюта бағамы, бюджет мәселесі, елдің экономикасы, ауылшаруалық мәселелері, білім беру саласы, медицина мәселесі, банк жүйесі, ішкі-сыртқы саясат т.б. қатысты бірқатар сұрақтар төңірегінде сөз қозғалды.

 

Президент Тоқаев пандемияның бүкіл әлемнің қалыпты тіршілігіне тигізген әсерін айта келіп, індеттің салдарынан дүние жүзіндегі экономикалық белсенділіктің, әлемдік жалпы ішкі өнімнің төмендеген алға тарта отырып, мұндай жағдайда мемлекет өз азаматтарына қолдау көрсету үшін нақты жұмыстар жүргізетінін алға тартты.

 

"Әрине, ақша таратып берумен ахуал түзелмейді. Дағдарыс жағдайында кешенді әрі жүйелі шаралар ұйымдастырған абзал. Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастыру керек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Әр өңірде инфрақұрылымдық және инженерлік жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары бар. Міне, жұмыссыз қалғандарды солар­дың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жұ­мылдырудамыз", - деді.

 

Карантин ке­зін­де ел азаматтары оқшаулануға тез бейім­деліп, кәсіпорын мен меке­ме қызметкерлері, білім беру саласы қашықтан жұмыс істеуге көшірілгені қоғам үшін жаңа үрдіс­ ретінде танылды.

 

"Жалпы, Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын. Елбасы бұл мәселе жөнінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында нақты атап көрсетті. Кез келген дағдарыс тың бастамаларды туын­датады. Әрине, осы кезеңнен сабақ алып, осал тұстарымызды жетілдіруіміз керек. Егер індет өршіп кетпесе, 11 ма­мырда төтенше жағдай режімі аяқ­та­лады", - деді Президент.

 

Төтенше жағдайдың күнделікті өмірге елеулі өзгеріс енгізіп, жоспар­ланған жұмыстарды, түрлі іс-шараларды кейінге қалдыруға мәжбүр болғанына да көңіл бөлініп, мұндай жағдайда ең алдымен, не нәрсенің аса бағалы екені түсінікті болғанын айта кеткен Президент Тоқаев адамның өмірі, адами қарым-қатынастар, азаматтардың денсаулығы, қоғамның береке-бірлігі екеніне басты назарды аударды.

 

"Пандемия кезінде бүкіл қоғамымыз сынға түсті. Көптеген азаматтар қиын сәтте елге қызмет етудің озық үлгісін та­ныт­ты. Бұл – парасатты патриотизмнің көрі­­нісі. Кез келген күрделі кезең адам­ның жігерін жанып, рухын қайрайды. Әлем­­ге жайылған індет тұсындағы ахуал хал­­қы­­мызды одан әрі ұйыстыра түсетіні анық", - деді Президент.

 

Сөз соңында, Қасым-Жомарт Кемелұлы, ұлы Абайдың "Тоқтау­лылық, қалыпты шыдамдылық – бұл қайраттан шығады, білсең керек" деген өлең жолы ойға алып, шын мәнінде, табандылық  пен төзімділік танытар болса, халқымыздың қиындыққа төтеп беріп, еліміздің бұл қиын­дықтан ширап әрі шыңдалып шы­ғатынына сенім білдірді.

 

Today.kz.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ