Қазақстанда жаңа комитет құрылады

05.05.2020
Қаралды: 748

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарайтын жаңадан этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылады. Премьер-Министр Асқар Мамин қол қойған тиісті қаулы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланды.

 

Жаңа комитет Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарайды. Ол диаспоралармен жұмысты үйлестіреді және шетелде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара әрекеттеседі, республикадағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шаралар, акциялар мен жарыстар ұйымдастырады, жастар ұйымдарымен өзара әрекеттеседі және ынтымақтастық жасайды, сондай-ақ мемлекеттегі этникааралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға арналған әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастырады және жүзеге асырады.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ