Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

04.05.2020
Қаралды: 212

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

 

Ақорданың ресми мәліметі бойынша, Дәурен Абаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ