Президент Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты

02.05.2020
Қаралды: 200

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

 

Ақорданың ресми сайтының мәлімдемесінде "Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген.
 

Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында былай дейді: «Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін».

 

Еске сала кетейік, Дариға Назарбаева 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламент сенатының депутаты болды. 2019 жылдың 20 наурызында депутаттар оны жоғары палатының спикері етіп сайлаған еді. 

 

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ