Лотерея қызметін реттейтін заң мақұлданды

29.04.2020
Қаралды: 1283

ҚР Парламенті Мәжілісі «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

 

Аталған құжат бойынша баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әлия Сапарованың айтуынша, заң жобасы 2020 жылдың 5 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған. Заң жобасымен 1 кодекске, 2 заңға өзгерістер мен толықтыру енгізіледі.

 

«Заң жобасын бірінші оқылымда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқылау барысында, Мәжіліс төрағасының тапсырмасы бойынша екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар «ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізгені үшін бірінші әкімшілік құқық бұзушылық кезінде айыппұл түріндегі жауаптылықты енгізу бойынша және «Жарнама туралы» Заңға лотерея операторы және лотерея операторымен шарт аясында лотерея таратушылар орналастыратын жарнаманы қоспағанда лотерея жарнамасына тыйым салу жөнінде түзету енгізілді. Бұдан басқа лотерея өткізудің ашықтығын және барынша айшықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңға тираждық коммисияның және лотерея таратушының агентінің міндеттерін көздейтін түзетулер енгізілді», - деді Мәжіліс депутаты.

 

Сондай-ақ, оның айтуынша, депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және оның мазмұнын жақсартатын түзету қосып отыр. Жұмыс тобына 60 түзету келіп түскен. Мәжіліс депутаттар заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберді.

 

Inform.kz.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ