Төлеби ауданының тұрғындары өз күштерімен блок-бекеттер орнатуда

28.04.2020
Қаралды: 219

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы елдімекендерге тұрғындардың өздері блок-бекеттер қойып, қауіпсіздік шараларын қолға алуда. Жергілікті билікпен келісе отырып атқарылып жатқан шараның мақсаты коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмау. Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда. Сондай-ақ, әрбір азаматқа себепсіз үйден шықпауға, барлық жерде жеке бас тазалығын ұстанып, карантин режимін бұзбауға шақыруда.

 

Бұл атқарылып жатқан жұмыстарға жергілікті халық түсіністікпен қарап, оң көзқарақас танытып отыр. Шараға ауыл белсенділері мен ерікті жастар атсалысып жатыр.


Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елдімекендері эстафета түрінде жалғастыруда.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ