Қазақстанда коронавирусты ақылы ПТР-тестілеу басталды

28.04.2020
Қаралды: 170

ҚазАқпараттың хабарлауынша, «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы коронавирусты анықтайтын ақылы полимеразды тізбекті реакция тестілеуін еліміздің бірнеше қаласында бастады.

 

Зертхананың мәліметінше, ПТР-тестілеуден Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Қарағанды қалаларында өтуге болады.

 

«ПТР-тестілеу көмегімен адам ағзасында вирустың рибонуклейнді қышқылы бар екендігін анықтайды. Полимеразды тізбекті реакция әдісінің сараптамасы вирустың өзі анықталады және қазіргі уақытта адамның ауырғанын не ауырмағандығын көрсетеді. Осы себепті ПТР-сараптама коронавирус диагнозын зертханалық растау үшін қажет. Алдағы уақытта COVID-19-ға арналған ПТР-тестілер Қазақстанның өзге де қалаларында қолжетімді болады», - деп атап өтеді зертханадан.

 

Сонымен қатар, адамның тест тапсыру үшін не істеу керектігі де жан-жақты түсіндірілген.

 

«Мұрын/ауыз қуысынан жағынды аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 3 сағаттан соң алынады. Тексеруге дейін 3 сағаттің ішінде тісті жууға, ауыз қуысын шаюға, сусын ішуге, сағыз шайнауға тыйым салынады. Тексеруге жазылу үшін covid.kdlolymp.kz сайтында сауалнама толтыру қажет» делінген таратылған ақпаратта.

 

Тексеру құны - 19 220 теңге, ал биоматериал алу құны - 540 теңге. Зертхана ПТР әдісімен сараптама алу үшін барлық үй-жайлары мен құрал-жабдықтарын тыңғылықты дайындап, қажетті қорғаныс құралдарын сатып алған. Сонымен қатар лаборанттар арнайы оқудан өткен.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ