Ауыл ішінде аю қайдан жүр? (видео)

25.04.2020
Қаралды: 450

Шығыс Қазақстан облысы, Асубұлақ кентінде түсірілді деп тарап жатқан, авторы белгісіз бұл видеода ауыл көшесінің ортасында алып аю көрінеді.

 

 

Кейбір болжамдарға қарағанда, аю аш болуы мүмкін, ауылға ас іздеп кірген сияқты.

 

Шығыс ормандарында 2000 гектар жерге жайылған өрт орын алғанын ескерсек, ондағы жан-жануарлардың оттан қашып, ауылға келу себебі де содан болуы мүмкін.

 

Қалай десек те, екі аяғымен тік тұрғанда, алып денесі одан әрі үлкейіп көрінетін аю қорқынышты-ақ. Адамдарға шабуыл жасамаса екен дейміз, бірақ орман егесінің де аман болғаны жақсы-ау.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ